{metadescription}
Алматы облысында Баталовтың өзі лентасын қиған зауыт тоқтап қалды
Алматы облысында Баталовтың өзі лентасын қиған зауыт тоқтап қалды

Алматы облысында Баталовтың өзі лентасын қиған зауыт тоқтап қалды

Алматы облысының жұрты биыл шекер тапшылығын едәуір сезінуі мүмкін. Өйткені аймақ басшысы Амандық Баталовтың өзі келіп лентасын қиған Ақсу қант зауытының тіршілігі екі айға жетпей тоқтап қалған. Жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды деген өндіріс орнында бүгінде қант қызылшасы тау боп үйіліп жатыр. Алайда ол ешкімге керексіз, өйткені түгел үсіп қалған. Енді зауыт басшысы шіріген тәтті түбірді елге амалсыз мал азығы есебінде тегін таратуға мәжбүр.

Көптен құр қалмай Шолпан Мұхамеджанова да Ақсу қант зауытынан 10 тонна үсіген қант қызылшасын түсіріп алған. Бірақ, малға азық болады деген үміті ақталмады. Өйткені шіріп, иістеніп кеткен тәтті түбірді төрт түліктің бірі де қорек қылмаған. Өнімді жегеннің өзінде арам қатуы мүмкін екен. Енді кәсіпкердің өзі де аулада тау болып үйілген борсыған қызылшадан құтыла алмай отыр.   

Шолпан Мұхамеджанова, кәсіпкер:

-Үкімет шаруаларға субсидия берді. Сатып алды, оның бәріне біреу жауап беру керек қой? Бірақ, байқауымша бұның бәрі жауапсыз қалды. Өйткені жеке меншік деп бәрі білгегін істеп жатыр ғой.

Он жылдан бері тоқтап тұрған Ақсу қант зауытының тамырына өткен жылдың қарашасында қан жүгірген. Ал, өндірісті жаңғырту жұмысына бақандай 2 млрд. теңге қаражат жұмсалыпты. Осыншама ақша бөлінген кәсіпорын екі айға жетпей қайта жабылған. Оның себебін зауыт басшысы айтқысы келмегенімен, тәтті түбірдің үсіп кету себебін тәтпіштеп түсіндіріп берді.    

Мұрат Төлегенов, Ақсу қант зауытының бас директоры:

-Қызылша бізге қараша айының соңына таман жеткізілген. Ал, қарашадағы аяздан тәтті түбір үсіп кетіп, оны кәдеге жарата алмадық.  Қызылша мүлдем жарамсыз болып қалғасын, оның көзін жою немесе тегін таратып беру шешімі қабылданған.

Алматы облысында өткен жылы 340 мың тонна қызылша жиналған.  Ал, кәсіпкерлікті қолдау есебінде ел қазынасынан 3 млрд. теңге бөлінген екен. Шаруаларға өнімнің әр тоннасына 9 мың теңге субсидия берілсе, 8 мың теңгеден кәсіпорын қабылдап отқан. Енді сол қырауар қаржыға жиналған өнім мал азығына да жарамай далада жатыр.  Облыс әкімі Амандық Баталовтың өзі салтанатты түрде ашқан зауыттың жабылу себебін жергілікті шенеуніктер де түсіндіре алмай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде