Петропавлда көктайғаққа байланысты жолдар жабылды
Таңертең жауған қардың арты жауынға ұласып, жүргізуішлер титықтап қалды.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
06.03.2018
Тоңы жібімеген жер бірден көктайғаққа айналды. Коммуналдық қызмет өкілдері шаһар көшелері мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға құм сеуіп үлгере алмай жатыр. Облыс жолдарының бәрі жабық. Сондай ақ, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облысынан шығар жолдарға да шектеу қойылды. Ал Астанада қатты дауылға байланысты бастауыш сыныптарға сабақтар тоқтатылды.
Татьяна Марьина, инженер синоптик:
-Ресейдің батыс өңірінен ауасы жылы циклон ауып, өзімен бірге жауын шашын әкелді. Ертең күн күрт суытады. 8 наурыз күні түнде -20-25 градусқа дейін аяз болады. Күн тек наурыздың онына қарай ғана аздап жылиды. Көктайғақ әлі сақталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!