{metadescription}
Ақтөбелік судья контрабандамен айналысты деген кәсіпкерлерден кешірім сұрап, сот залынан босатты
Ақтөбелік судья контрабандамен айналысты деген кәсіпкерлерден кешірім сұрап, сот залынан босатты

Ақтөбелік судья контрабандамен айналысты деген кәсіпкерлерден кешірім сұрап, сот залынан босатты

Ауғанстанға сұйытылған газды заңсыз сатпақ болды деп айыпталған 7-і  ақтөбелік ақталып шықты. Былтыр тергеушілер мен жергілікті билік аймақтағы көлікке құятын көгілдір отынның тапшылығын солардан көрген болатын. Енді керсінше соттың өзі олардан бір жылға жуық әуреге салғаны үшін кешірім сұрап отыр. Айыпталғандардың шетел түгілі, басқа өңірлерге заңсыз газ тасымағаны анықталыпты.

-Былтыр ақтөбелік шенеуніктерден бастап, тергеуді қолына алған мемлекеттік кіріс департаментіндегілердің өздері ірі көлемді контрабандамен айналысқан топты ұстадық деп алақайлаған еді. Ақтөбедегі бекеттерге газ жеткізетін «Голд степ» компаниясына тінту жүргізіп, бас директоры мен оның орынбасарынан бастап, көлік жүргізушілеріне дейін қамауға алды.

Жалпы заңсыз шетелге газ тасымалдауға қатысты сегіз адам айыпталып, жаздан бері сотта жауап берді. Енді олардың жетеуі сот үкімімен бостандыққа шықты. Олар «Голд стептің» бастықтары мен төрт көлік жүргізушісі. Соңғы төртеуі осы күнге дейін қаладан шықпау туралы қолхатпен жүрді. Ауғанстан тұрмақ, ел ішінде контрабандамен айналыспады деп шешіпті судья. Сонымен қатар, тергеу кезінде айғақ зат ретінде алынған 150 тоннадай газ бен 20 миллоннан астам теңгені иелеріне қайтарып бермекші. Әрине бұл үкімді сот жалына жиналғандар қол шапалақтап, қуана қабылдады.

Айыпталған сегіздің ішінен тек шымкенттік кәсіпкердің ғана ірі көлемде экономикалық контрабандамен айналысқаны белгілі болды. Сот оған екі жылға еркіндігін шектеуге үкім кескен. Сондай-ақ Камилл Төлегенов мемлекетке келтірген 195 миллион теңге шығынды төлеп те үлгеріпті.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

-Ақтөбе қаласының  соты Төлегеновті кінәлі деп танып, оған екі жылға бас бостандығынан шектеу туралы жаза тағайындады. Төлегеновтен 195 млн 419 933 теңге келітрген шығын мемлекет пайдасына өндірілді.

  • Үкім әлі күшіне енген жоқ. Дегенмен, адвокаттары тергеудің о бастан дұрыс жүргізілмегенін айтады. Себебі мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері де , тергеуші де алғашқыда-ақ  рапорттарды орталық жүйеге тіркетуде қате жіберіпті.

Сонымен, контрабандистер кімдер, Ақтөбеде сұйылтылған газ тапшылығына кімдер кінәлі екендігі жұмбақ боп қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде