{metadescription}
Бозымбаев шатылып жатқан орынбасарына бола отставкаға кетпейтінін айтты
Бозымбаев шатылып жатқан орынбасарына бола отставкаға кетпейтінін айтты

Бозымбаев шатылып жатқан орынбасарына бола отставкаға кетпейтінін айтты

Қанат Бозымбаев қарамағындағылар үшін қызметтен кеткісі келмейді! Білдей бір орынбасары парамен ұсталып, қамауда отырған Энергетика министрінің отставка туралы сөз қозғағысы да жоқ.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Біздің министрліктің вице-министрі және департаменттің директоры қамауға алынды. Ол біздің министрлік үшін, бүкіл ұжым үшін өте ауыр оқиға болды. Бірақ осы кезеңде әрбір сұрақты тиісті құқық қорғау органдарына жолдау керек және тиісті адвокаттарға жолдау керек.

Олардың кінәсі дәлелденсе, сіз отставкаға кетесіз бе?

-Мен, мен білмеймін. Мен әлі білмеймін, менің алдымда ондай сұрақ жоқ.

4 күн бұрын Жемқорлыққа қарсы ұлттық Бюро Энергетика вице-министрінің қолына кісен салған еді. Ғани Сәдібеков  миллиард теңгеден астам бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілігіп отыр. Ол жалғыз емес, жанында сыбайластары да бар. Ұлттық бюроның мәліметіне сай, вице-миинстр «Аймақ» деген фирманың басшысы Дәурен Дуанбековпен бірігіп, Шучинск – Бурабай курортындағы көлді тазарту үшін қазынадан бөлінген қыруар қаржыны қолды еткен. Қазір шененунік сыбайластарымен бірге 2 айға қамауға алынды.  Қанат Бозымбаев Павлодар, Жамбыл облыстарын басқарғанда да осы Сәдібеков орынбасары болған. Ал Энергетика министрлігінде 2016-шы жылдан бері қызметтес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде