{metadescription}
Сағынтаев Астанаға газ тарту жобасын тездетіп әзірлеуді тапсырды
Сағынтаев Астанаға газ тарту жобасын тездетіп әзірлеуді тапсырды

Сағынтаев Астанаға газ тарту жобасын тездетіп әзірлеуді тапсырды

Жол картасын жасақтауға бір апта беріледі. Президент жариялаған «7-20-25» бағдарламасынан кейін Үкімет таң атпастан дереу жиын өткізіп, кімнің немен айналысатынын нақтылап алды. Енді бір аптаның ішінде жұртты арзан баспанамен қалай жарылқаудың тетіктері түгел жасалып бітуі тиіс. Одан бөлек, Астананы көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша да жұмыс тобы құрылмақ.

Елбасының тапсырма беруі сол екен, министрлер жүктелген міндетті қалай орындаудың қамын ойластырып жатыр. Бүгін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев барлығын жинап алып, әрқайсысына не жұмыс істейтінін бөліп  берді. Әсіресе, жұрт қызу талқылап жатқан «7-20-25» бағдарламасы бойынша негізгі салмақ Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке жүктеледі. Бұл мәселеде Ұлттық Банк бір триллион теңге қоры бар арнайы компания құруы керек.

Сол қаржы ұйымы банктерге ақша беріп, олар өз кезегінде жұртқа арзан несие беруі тиіс. Оның үстіне, еліміздің бас қаржы реттеуіші базалық мөлшерлемені биылдыққа екінші рет төмендетті. Яғни, несие алған азаматтар үшін үстеме ақы бұрынғысынан азайтылмақ. Премьер-министр осы жеңлідіктің бәрі Президент пәрменінің арқасы екенін айтады.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

-Бес әлеуметтік бастама Елбасының халқына жасаған ерекше қамқорлығы мен жанашырлығының айқын көрінісі. Бастамаларын арнайы үндеу арқылы жариялап, онда қазақстандықтарға шынайы алғысын білдіруі оның маңыздылығын арттыра түседі. Бұл Елбасының халқына ұсынған перзенттік әрі Президенттік сыйы.

Астана мен еліміздің солтүстік өңірлерге газ жүргізу бойынша арнайы жұмыс тобы құрылады. Жоба аталған аумақтардың тұрғындарын біраз әлеуметтік қиыншылықтан құтқаруы керек. Сол үшін бірқатар министрліктер, өңір әкімдері «Самұрық Қазына» Ұлттық қорымен және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, бір апта ішінде жұмыс тобын құруы тиіс.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

-Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағыты бойынша «Сарыарқа» газ құбырын қаржыландыру мәселесін, оның халықаралық қаржы институттарын қажетті қаржыны тарту арқылы  пысықтауды тапсырамын. Жауапты министр – Бозымбаев. Асқар Ұзақбайұлы, сіздің бақылауыңызда.

Иә, Президент тапсырмасы оңай шаруа емес.Ауқымды жұмыс әсіресе Инвестициялар және даму министріне жүктеліп отыр. Бірақ мұның бәрі бір министрге ауыр болар дегендей, Сағынтаев Қасымбекке көмектес деп ұлттық экономика, қаржы министрліктері мен «Бәйтерек» холдингін де қосып берді. Жалпы, тұрғын үй қорының өте тапшы екені бесенеден белгілі жайт. Былтырдың өзінде 11 миллион 200 мың шаршы метр үй қоры, бұл рекордтық көрсеткіш, қолданысқа берілсе де ол теңізге тамған тамшыдай болыпты. Ал жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша, баспанаға мұқтаж жандардың сұранысын өтеу керек.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:  

-Біріншіден, ипотекалық ниесиелеуді дамытуға, құрылыс нарығын жандандыруға және құрылыс материалдары өндірісін арттыруға мүмкіндік береді. Әрине ең бастысы, халықтың баспанаға қол жеткізу мүмкіндігі артады.

Қала берді, ипотекалық үйден бөлек, ендігі төрт жылда студенттерге арналған 25 мың орындық жатақхана салынуы керек. Назарбаев атап өткендей, бұл алдағы жылдары өсе түсетін сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тапшылығын біржола жоймақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде