Шығыс Қазақстанда құтқарушылар көктемгі тасқынның алдын алуға қамданып жатыр
«Көктем-2018» республикалық оқу-жаттығуын өткізген құтқарушылар қызыл суға төтеп беруге тас-түйін дайын отырмыз дейді.
Автор: Әйгерім Шакаманова
07.03.2018
Олар бірінші кезекте өзен бойындағы елді-мекен тұрғындарын құтқаруға кірісті. Арнайы қайықпен эвакуацияланған жұртқа кейін медициналық көмек көрсетілді. Шартты жоспар бойынша осы кезде шаһардың өзге аумағында тасқын теміржолды бұзып, вагон рельстен шығып кетеді. Оны арнайы кранмен орнына қойған құтқарушылар су шайған аумаққа құм төкті. Бұдан соң аэромобильді құтқарушылар жасағы Ертіс бетіндегі мұз үстінде қалған қос жеткіншекті аман алып қалуға аттанады. Арнайы операция кезінде алғаш рет тікұшақтың қолданылғанын айта кетейік. Шын мәнінде де қазір Шығыс өңірдегі 83 елді-мекенге қауіп төніп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!