Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әскерилердің қазасына көңіл айтты
Көрші елдің ұшағы Сирияның Хмейми әуежайына жетер тұста апатқа ұшырап, ішіндегі 39 адамның барлығы қаза тапты.
Автор: Аруна Ортай
07.03.2018
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын» деді Назарбаев Путинге жолдаған жеделхатында. 6 экипаж мүшесін есептегенде ұшақ ішінде болған 39 адам түгел қаза тапқан. Барлығы әскерилер. Арасында генерал -майор да болған. Әскери борт ұшып-қону жолағына табан тіреуіне 500 метр қалғанда құлаған. Алдын ала болжам бойынша апатқа аяқасты шыққан техникалық ақау себеп болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!