Ақтөбеде мейрам күндері көше бойында сауда жасауға рұқсат берілді
Бірақ тек қана гүл сатушыларға жомарттық танытып отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
07.03.2018
Полицейлердің айыппұл салмаймыз деп ант-су ішкеніне қарамастан, мұндай жағымды жаңалығына қуана қойған саудагер жоқ. Себебі, Ақтөбеде таңнан бері аяздың беті қайтпай тұр. Сондықтан жұрт гүлді көше бойынан таба алмай, дүңгершіктерді жағалауда. Әйелдердің өздері сыйға алған гүлдерін аяздан тығып әлек. Бұл өңірде сынап бағанасы мерекелік демалыс күндері минус 15-17 градустан көтерілмейді.
Ернат Қалиақпаров, Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасары:
-Жабайы саудаға негізі жол берілмейді. Көше бойында сауда жасағандарға айыппұл салуға міндеттіміз. Бірақ әйелдердің халықаралық мейрамы қарсаңында көз жұма қарайтын боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!