{metadescription}
Атбасардың бұрынғы әкіміне қатысты сот басталды
Атбасардың бұрынғы әкіміне қатысты сот басталды

Атбасардың бұрынғы әкіміне қатысты сот басталды

Ақмола облысындағы Атбасар ауданының бұрынғы әкімі Андрей Никишовқа қатысты іс сотта қарала бастады. Айыпталушы орындығында онымен бірге 4 адам отыр.

Атбасар аудандық сотында бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған аудан әкімінің бұрынғы орынбасарының, «Атбасар су»коммуналдық шаруашылығының директоры мен әкімге пара берген екі кәсіпкердің ісі бірге қаралып жатыр. Естеріңізге салсақ, Андрей Никишов пен оның орынбасары Айтқабыл Серкебаев өткен жылдың 31-ші тамызында 4 миллион теңге пара алып жатқан жерінен қолға түскен еді. Әкім жылу қазандығы мен құбырларды жөндеген компанияның атқарылмаған жұмыс актісіне қол қоюға уәде берген. Сондай-ақ, соңғы 4 жылдан бері  топан судан көз ашпаған Атбасар қаласының жолдарын жөндеу, Жабай өзені жағалауын тазарту, су бөгетін салу жұмыстарына бөлінген қаржыны да талан-таражға салған көрінеді. Сөйтіп, бұрынғы әкім пара алғаннан бөлек, сыбайластарымен бірге бюджеттің 90 миллион теңгесін жымқырды деп айыпталып отыр.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде