{metadescription}
Көкшетау қаласында 11-ші сынып оқушысы асылып өлді
Көкшетау қаласында 11-ші сынып оқушысы асылып өлді

Көкшетау қаласында 11-ші сынып оқушысы асылып өлді

Ол ұялы телефонға бола өзіне қол салған.

Ғани Жұмаділов биыл мектеп бітіретін түлектердің арасында оқу үлгерімі де  жақсы, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласатын оқушылардың бірі болған екен. Оның ұстаздары мен сыныптастары суық хабарды енді естіп отыр.17 жастағы оқушының өлі денесін ата-анасы үй маңындағы өз гараждарынан тапқан. Күндіз кетіп, кешке үйіне оралмаған баласын олар достарымен қыдырып кетті деп ойласа да, қорқыныштарын жасырмапты. Анасы оны кешеден бері іздеп таппағанын айтып, сынып жетекшісіне СМС-хабар жіберіпті. Онда «балама ұрсып, ұялы телефонын алып қойып едім. Сосын үйден ашулы шығып кетті» деп жазған. Қайғылы оқиғаға осы жағдай себеп болуы мүмкін.

Гүлнар Әбілқасымова, №2 орта мектеп директоры:  

Біз мына қайғылы жағдайды естіп, есімізден тана жаздадық. Бұл баланың мінезінен әлдебір ауытқушылықты, болмаса, өз қатарластарымен сөзге келгенін көрген емеспіз. Ол спортты да сүйетін. Белсенді еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.