{metadescription}
Тоқмәди соттан жазасын жеңілдетуді сұрады
Тоқмәди соттан жазасын жеңілдетуді сұрады

Тоқмәди соттан жазасын жеңілдетуді сұрады

Белгілі кәсіпкер Мұтархан Тоқмәдиге қатысты өтіп жатқан аты шулы сот процесі аяқталуға жақын. Бүгін өткен жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы шыны корольі атанған бизнесменге 12 жыл жаза кесуді сұрады. Ал, адам өлтірді деп айыпталған Тоқмәди өзінің соңғы сөзінде бес баласы барын ескеріп, мейлінше жеңіл жаза тағайындауды өтінді.

-Руслан, Тоқмәдидің облыстық ауруханадан қашып кетіп, қайта ұсталғаны белгілі. Бұл туралы бүгін сот отырысында айтылды ма? Өзі не үшін мұндай қадамға барғанын түсіндірді ме?

Істі қарап жатқан судья Азамат Тілепов сол болған жайттың жауабын білгісі келген еді. Өйткені сот отырысы басталысымен ол Тоқмәдиге бірнеше сауалды төтесін қойды. Яғни, одан «не үшін із суыттың және саған қысым жасалды ма» деп сұрады. Алайда, Тоқмәди «жоқ» деген жауаптан басқа ештеме айтпады.

-Руслан, кезінде ҰҚК –нің төрағасы болған Нартай Дүтбаевтан бүгін куәгер ретінде жауап алыныпты. Құпия қызметтің экс-төрағасы не айтты сонда?

Мемлекеттік айыптаушы Тоқмәдидің атышулы ісіне құпия қызметтің экс-төрағасы болған Нартай Дүтбаевтың қатысы бар деп есептейді екен. Бірақ ол сот процесіне келмей тек Астанадағы сот залынан онлайн байланысқа шықты. Дәл осы Дүтбаевтан жауап алынар кезде ақпарат құралдары сот залынан шығартылды. Өйткені мемлекеттік құпия мәліметтер жария болып кетуі мүмкін дейді прокурор.

Асхат Есқалияв, мемлекеттік айыптаушы:

-Қылмыстық жауапқа тартылып жатқан азамат есебінде, Дүтбаевтың түсініктемесі осы іске тікелей қатысы бар деп ойлаймыз. Ал жауап алу кезінде мемлекеттік құпия мәліметтер жария болып кетпес үшін, ақпарат құралдары өкілдерін қатыстырмауды сұраймын.  

Кейін анықталғаны, Нартай Дүтбаев Мұхтар Әблязовпен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтқан. Сөйтіп, қашқын банкирдің өтінішімен, Ержан Тәтішевтің басқан қадамын аңдып, жиналған мәліметтерді Әблязовқа беріп отырғанын растаған екен. 

-Сонымен мемлекеттік айыптаушы Мұратхан Тоқмәдиге 12 жыл жаза кесуді сұрапты. Тоқмәди бұған қандай пікір білдірді?

Прокурорлар Тоқмәдиді 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ белгілі бизнесмен өзінің бес баласы барын ескеріп, жазаны  едәуір жеңілдетуді өтінді.

-Уважаемый суд, я согласен с предъявленным обвинением. Прошу Вас учесть, то что действительно 55 статья, я заключил процессуальное соглашение, полностью его выполнил. Прошу так же учесть наличие несовершеннолетних детей, и применить наказание ниже несшего придела.

Атышулы процестің өтіп жатқанына бүгін тура бір ай болды. Сот барысында 130 куәгерден жауап алынған. Ал жұма күні яғни 16-шы наурызда үкім шығады деп күтілуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.