Жаңбыр, қар,көктайғақ! Табиғат осындай тосын мінез көрсетпек
Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Алдағы үш тәулікте Солтүстікке қайтадан қыс түседі. Ал оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Қауіптісі, өзендер арнасынан тасып, елдімекендерді су басу қаупі төніп тұр екен.
Автор: Ербол Тұрымбет
12.03.2018
Мұның бәрі ел аумағымен өтетін суық ауа ағынының салдарынан болмақ. «Қазгидрометтің» наурыздың 13-і мен 15-і аралығына жасаған болжамдары осындай. Оған сенсек, еліміздің батыс пен солтүстік аумақтарында ауа температурасы климаттық нормадан 3-7 градусқа төмендеп кетеді. Алдағы екі күнде Алматы облысындағы шағын өзендер толассыз жаңбыр әсерінен тулап шыға келуі мүмкін. Сонымен қатар, Сырдарияның мұздары еріп, облыс аумағына орасан залал келтіруі мүмкін екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!