Тасқын тағы қай өңірлерге төніп тұр?
Жалғыз Шығыста емес, Оңтүстік пен Жамбыл, Алматы облыстарына да тасқыннан қауіп төніп тұр. Тіпті құтқарушылар осы аймақтарда дабылды ескерту жариялады. Себебі таулы аймақтарда кенеттен күн жылынып кеткен. Ал бір күннің ішінде Аягөзге 11 мм жауын шашын түсіпті. Бұл бір айлық нормадан да артық . Оның үстіне бұл қаланың топан судың астында қалуына төтенше жағдайлар комитеті жергілікті шенеуніктердің салғырттығынан көріп отыр.
Автор: Сабина Мәдиқызы
12.03.2018
Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:
-Ауылдарды еріген қар суынан қорғау жүйесінің сондай-ақ маңайдағы еріген қар суының елдімекенге келуінің алдын алуға арналған су бұру каналдарының болмауынан орын алуда деп сенеміз. Еріген қар суымен басуына ықпал ететін қосымша факторлар елдімекендерді салу аумағынан кеңеюболып табыолады. Бұл ретте жаңа тұрғын үлйердің көп бөлігі қорғаныс үйінділерінің шегінен тыс салынуда. Сондай-ақ құрылыс аумағында арық канал жүйесінің болмауы оның ластануы негізгі себептердің бірі болып табылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!