«Алтын Қалам» әдеби жүлдесіне лайықтыларды іріктеу кезеңі жарияланды
Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған байқаудың мақсаты – жас дарындардың аттағын арттырып, әдебиеттің мәртебесін көтеру.
13.03.2018
Биыл 8 аталым бойынша жүлдедер тігіліп отыр. Олардың арасында алғаш рет өткелі отырған қазақ тіліндегі үздік роман номинациясы да бар. Осы аталым бойынша үздік деп танылған қаламгерге Есенқұл Маманұлының арнайы сыйлығы табысталмақ. Сондай-ақ Дарабоз жасөспірімдер аталымы да қосылған. Шығармалар қазақ және орыс тілдерінде қыркүйектің 15-іне дейін қабылданып, оған оқырмандар қазан айына дейін дауыс бере алады.
Кенже Жұманұлы, «Алтын Қалам» әдеби жүлдесін ұйымдастыру комитетінің директоры:
-Былтыр шетелдік үздік авторлар аталымы болған, биыл біз бұл аталымды алып тастадық. Өйткені біздің негізгі мақсатымыз қазақ әдебиетін дамыту. Шетелден қатысушылар өте көп, олардың барлығының шығармасын біз қарап үлгермейміз. Өйткені 1000 нан астам шығарма келеді, оның барлығын оқып-шығу қиын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!