{metadescription}
Ақтөбеде оқушы қызының орамалын шешуге қарсы болғандарға айыппұл салынды
Ақтөбеде оқушы қызының орамалын шешуге қарсы болғандарға айыппұл салынды

Ақтөбеде оқушы қызының орамалын шешуге қарсы болғандарға айыппұл салынды

Ақтөбеде оқушы қызының орамалын мектепте шешуге қарсы болған 18 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді олар заңды орындамағын үшін 12 мың теңге айыппұл төлеулері тиіс.

Жаңа оқу жылы басында аймақта төрт жүзге жуық оқушы сабаққа басын орап, бетін бүркемелеп келген еді. Дегенмен, мұғалімдер қазіргі жағдайға шүкіршілік етіп отыр. Өйткені олардың жартысынан көбі орамалды шешіп, мектеп формасына ауысқан. Тек 72 ата-ананы әзірге райынан қайтара алмай отыр. Үлкендердің қырсықтығынан балалары да екі тоқсан бойы сабаққа бармаған. Білім басқармасындағылар енді ережені сақтамаса орамал таққан оқушыны жоғары сыныпқа көшіре алмайтынын айтады. Ондаған ата-ана орамалға байланысты баласын сабаққа кіргізбеген мектеп директорларын сотқа да берген. Бірақ ешқайсының арызы қанағаттандырылмады.

Ләззат Оразбаева, Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы:

-Негізінен көптеген сұрақ түсіп жатыр. Неге бұл балалар мектеп партасына отырғызылмайды? Бұл жерде заң бұзылып тұрған жоқ. Бұл жерде құқықтық актіні, бұйрықты сол балаларға жауапты ата-ана орындауға міндетті. Осы міндетті біздің ата-аналар орындамай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде