{metadescription}
Тікелей эфир: "7-20-25": Ипотеканың шарттары қандай?
Тікелей эфир: "7-20-25": Ипотеканың шарттары қандай?

Тікелей эфир: "7-20-25": Ипотеканың шарттары қандай?

"7-20-25" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының қалай жүзеге асатыны белгілі болды. Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық Банк елде қызу талқылданып жатқан жаңа бағдарламаның жұмыс тәртібін түсіндіріп берді. Мұнда бастысы, азаматтар алған несиесін өтей алатындай қабілеті болуы керек. Бұл жайында толығырақ астаналық тілшіміз Ербол Тұрымбеттен сұрайық. Ол қазір бізбен тікелей байланыста.

-Ербол, сонымен жаңа бағдарлама бойынша үй алу үшін не керек? Ұлттық Банк не дейді?

Президент тапсырмасына сай Үкімет мүшелері бір аптаның ішінде Жол картасын әзірлеп шықты. Соның ішінде жаңа ипотекалық бағдарламаның тетіктері қарастырылған. Ұлттық Банк тұрғын үй бағдарламасына бас-көз болатын жаңа компания құрып, оған өз есебінен  бюджет жасап бермек.

Тек ол бағдарламамен үй алатын адамның төлем қабілеті толық тексеріледі. Ол үшін тұрақты жалақысы болуы керек. Мәселен, 7 миллион теңге тұратын үйді алу үшін айына 50 мың теңге төлеп тұру керек болады. Бірақ, бұл жоба әлі өзгеруі мүмкін. Өйткені, банктермен келісілмеген. Ал жалпы, бағдарламаның жүзеге асуын заң тұрғысынан қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

-"7-20-25" бағдарламасын бекітуге және оны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге қатысты болып отыр. Шілде айына дейін ипотекалық кредиттерді сатып алатын арнайы еншілес ұйым құрылатын болады.

-Ал Астанаға газ тарту жұмыстары қалай болмақ? Нақты уақыты белгіленді ме?

Иә, мерзімі нақтыланды. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, үлкен жобаның алғашқы кезеңінің құрылыс жұмыстары шілдеде басталмақ.  Жоспар өзгеріп кетпесе,  жұмыс 2021 жылы толық  бітуі тиіс. Ал көгілдір отынға мұқтаж болып отырған Қарағанды, Ақмола облыстары және Астана қаласы әкімдіктеріне тездетіп газ тарату желілерін жасау керек. Сөйтіп, магистральді газ құбыры өңірлерге жеткенде оны қабылдап алуға дайын болуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде