Бас прокуратура Әблязов басқаратын ұйымды экстремистік деп таныды
Мұхтар Әблязов жетекшілік ететін "Қазақстанның демократиялық қозғалысы" экстремистік ұйым деп танылды! Бүгін Бас прокуратура күтпеген жерден осындай мәлімдеме жасады. Айтуларынша, аталмыш ұйым мемлекетке қауіп төндіргендіктен, бүгіннен бастап жұмыс істеуіне сот шешімімен тыйым салынған.
13.03.2018
ОКСАНА ЛОСКУТОВА, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
-Қозғалыс басшысы Мұхтар Әблязов пен оның белсенділерінің мақсаты билікті құлатып, басып алу болып табылады. Бұл әрекеттер экстремизмге қарсы әрекеттер туралы заң бойынша саяси экстремизм болып саналады. Және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қимыл ретінде қудаланады. Сотпен қозғалыстың әрекеті экстремистік деп танылып, оған ҚР барлық аумағында тыйым салынды.
Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов билікке қарсы шығуға үндейтін насихатты күшейткен. Әсіресе,интернеттегі парақшасында. Енді қашқын банкирдің қозғалысына қосылу ауыр қылмыс болып саналады. Тіпті оны насихаттап,адамдарды белсенді түрде үгіттейтіндер 2 жылдан 17 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. Ал, ұйымға кірмей тек,банкирдің әлеуметтік парақшасында «алға» немесе «жарайсың» деген секілді пікір жазып, ақпарат таратқандар екі жылға дейін темір торға жабылады. Сондықтан, прокурорлар Әблязовтың парақшасына жазылған азаматтарға одан дереу шығып кетуге кеңес берді. БТА банктен 7 жарым миллиард теңгені жымқырып, сырттай 20 жылға сотталған қашқын олигархтың өзі қазір Францияда бас сауғалап жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!