{metadescription}
Астанаға табиғи газ 2021 жылы келеді
Астанаға табиғи газ 2021 жылы келеді

Астанаға табиғи газ 2021 жылы келеді

"Сарыарқа» магистральді газ құбыры Елордаға жеткенше, оған дейін қала әкімдігі газ тарату желілерін салып бітуі тиіс.

Бірінші кезекте Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағыты бойынша магистральдік газ құбырының жобалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланған. Ол шілдеге дейін жасалып бітуі тиіс. Энергетика министрінің айтуынша, газ құбырының алғашқы дәнекерлеу жұмыстары да сол шілде айында басталмақ. Оның құрылысына сырттан қаржы көздерін тарту көзделіп отыр. Ал Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астанада жергілікті газ тарату желілері кезең-кезеңімен салынатын болады. Бұл шаруға алғашында бюджеттен 267 мллиард теңге жұмсалмақ. Ал газдың текше метрі 47-50 теңгенің шамасында болады деп болжанып отыр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Қарағанды, Ақмола облыстары және Астана қаласы әкімдіктеріне газ тарату желілерін жобалауды және құрылысын магистральдік газ құбырын аяқталу уақытымен синхрондауды тездету қажет. Барлық жұмыс 2019-2021 жылдарға дейін аяқталуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде