Астанада алапат өрттен екі адам қаза тапты
Астанада үш қабатты коттедж өртеніп кетті. Әп-сәтте тұтанған қызыл жалыннан шыға алмаған 32 жастағы келіншек пен 8 жасар қыз бала қайтыс болды. Олардың мүрдесін құтқарушылар алып шықты. Ал, ажалдан қашып терезеден секіріп кеткен 24 жастағы бойжеткен қазір ауруханада жатыр. Оның екі аяғының тобығы сынған.
Автор: Сабина Мәдиқызы
13.03.2018
Қайғылы оқиға Юго-Восток ауданында орналасқан мына коттежде болды. Куәгерлердің айтуынша, алапат өрт бірінші қабатындағы көліктерге техникалық қызмет көрсету орталығынан шығыпты. Ал, екінші және үшінші қабаттарында адамдар бөлмелерді жалдап тұрған. Әп-сәтте тұтанған жалынды ауыздықтау оңай болмады. Тіпті өрт жанында орналасқан жер үйлерге де тарап үлгерген. Сондықтан отты өшіруге 16 өрт сөндіру техникасымен 31 адам тартылған. Салдарынан бас-аяғы 300 шаршы метр аумақпен жөңдеуге қойылған Nissan Patrol маркалы автокөлігі өртеніп кетті. Ал, нақты байлам тексеру қортындысынан кейін белгілі болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!