{metadescription}
Еліміздің батыс өңірі ұлыстың ұлы күнін тойлауды бастап кетті
Еліміздің батыс өңірі ұлыстың ұлы күнін тойлауды бастап кетті

Еліміздің батыс өңірі ұлыстың ұлы күнін тойлауды бастап кетті

Бұл аймақта наурыздың 14-інде тұрғындар төс қағыстырып көрісіп, «Амал» мейрамын атап өтеді. Бұрын батыстағы ағайын тек туысқандарының арасында ғана тойлайтын болса, қазір жалпыхалықтық сипатқа ие болған.

-Әз наурыздың бастауы Көрісу күні құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Әумин!!

Орал қаласының тұрғындары таң атысымен шаһардағы орталық алаңда жиналды. Бұл аймақта да наурыздың он төртін жаңа жылдың бастауы деп біледі. Оралдық өнерпаздар мерекенің сәнін келтіріп, театрландырылған көрініс қойды. Кішісі үлкенімен төс қағыстырып, көрісіп мәз.

Маңғыстау тұрғындары Амал мейрамында Отпантауда жиналуды әдетке айналдырған. Жыл сайын шараны ұымдастыру әр руға жүктеледі. Сол аталықтың балалары шырақ жағып, от тұтатады. Биыл бұл үрдіс алты ата Әлім балаларына бұйырған.

-Ақтөбеде ұлыстың ұлы күні бір ай бойы тойланады. Амал мейрамынан бастау алған шара сәуірдің ортасына дейін жалғасады. Әр күн сайын ауыл-ауыл жиналып, тойлауға міндетті.

Ақтөбе іргесіндегі Қарғалы ауылының тұрғындары мәдениет үйінің алдында қазан көтеріп, киіз үй тіккен. Бұрын бұл жақта мерекені әркім өз шаңырағында, туған-туыстарының арасында ғана атап өтетін. Қазір жалпыхалықтық сиапқа ие болып келеді.

Сағынтай Қалиев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Біздің бала кезімізде 14-наурыз күні бүкіл үйді жағалап, барлық ауылдың есігі ашық тұратын. Бауырсағымызды, кәмпит-пишінәйды қалтамызға толтырып, кейбір үйге екі-үш рет барып, көрісіп, наурыз көжені тойлайтынбыз. Сол дәстүр міне, жаңғырып жатыр.

Бұл күні үлкендермен амандасып, төс қағыстыру парыз. Осы міндеттен жаңылған жастар ата-әжелерден сөз естиді. Дегенмен, уақыт өте келе қарттар да түсіністікпен қайрайтын болған.

Ақбала Нұрлаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Дәметуін дәметесің ғой. Бірақ өкпелемейміз. Өкпелейтін уақыт емес. Неге десең қазір жастардың көбісі жұмыста. Жұмыстан бір күнде шығуға болмайды. Енді қолдан келсе үлкендерді сыйлап, сәлем берген дұрыс қой. 

Көрісу күнін батыстан өзге аймақтар да дәріптеп келеді. Бірнеше жыл бұрын оңтүстікқазақстандықтар да ұлыстың ұлы күнін наурыздың он төртінен бастап тойлауды қолға алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде