Талдықорғанда екі оқушы тоққа түсіп, жан сақтау бөлімінен бір шықты
Дәрігерлердің дерегінше, ауруханаға жеткізілгенде жеткіншектердің халдері өте мүшкіл болыпты. Бірақ, құзырлы орындар оқиғаны жазатайым жағдай деп бағалап, қылмыстық іс қозғамаған.
Автор: Мақсат Мәлік
14.03.2018
Данияр Жаныс, Талдықорған қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы:
-Яғни, сабақтан кейін кетіп бара жатқан балалар. Трансформатордың жанынан өтіп бара жатқан сәтте тоқ соққан. Оған қандай себеп болғаны белгісіз. Жағдайлары жақсы. Жақын арада сабақтарына қайтадан барады.
Алайда, екі оқушының өмірін жалмай жаздаған оқиғаны дәрігерлер өзгеше сипаттап отыр. Олардың айтуынша, ойнап жүрген бес баланың екеуі трансформатор тұрған ашық сарайға кірген, тіпті сол сәтте жарылыс болыпты. Ал, қуаты 10 мың вольттық ескі трансформатор қаладағы гуманитарлық колледждің аумағында орналасқан екен. Қазір беті бері қараған Бауыржан Бағазин мен Ислам Әбілқасымовты басқа бөлімге ауыстырыпты. Балалардың денесі түрлі дәрежеде күйіп қалған.
Марат Досқалиев, Алматы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:
-Олардың айтуынша, алғашында бес бала болған. Әрі қарай естерін білмейді. Беттері, тізесі мен білектері күйген. Жалпы 2-ші және 3-ші дәрежедегі күйік шалған. Дәрігерлер аяқтарынан тік тұрып, барлық тексеруден өткізді. Қазір жағдайлары тұрақты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!