Перуашев топан су басқанда ғана ақша сұрайтын әкімдерді сынға алды
Тұрғындарды су тасқынынан алдын ала сақтандыру керек!
Автор: Жәудір Оразхан
14.03.2018
Азат Перуашев жылда қайталанатын табиғи апатқа күні бұрын қамдануды талап етіп, премьер мен Ұлттық банк төрағасына сауал жолдады.
Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:
-Сақтандыру тетеіктері бар. Біз неліктен осы сақтандыру саласын дамыта алмаймыз. Ұлттық банкіміз қайта сол коммерциялық банктерді құтқарумен айналысып отыр. Қарапайым халыққа керек нәрсе, осы, әсіресе, төтенше жағдайда сақтандыру саласына еш назар аудармайды. Сақтандыру компаниялары өз алдымен жүгіріп жүр.
Яғни, Ұлттық банк пен Үкімет шұғыл тұрғын үйді сақтандыру нарығын дамытуы тиіс. Ол үшін шенеуніктер бірінші адамдарға алдын ала қамдануды, өз мүлкіне жауапкершілікпен қарауды үйретуі қажет. Әркім төтенше жағдай бола қалса деген қауіппен жеке баспанасын, өзге де дүние-мүлкін күні бұрын сақтандыруы керек. Сақтандыру нарығын дамытуға Ұлттық банк жауапты. Ал біздің атқамінерлер елдімекендерді су басқанда ғана ақша жан-жақтан іздеп, сабылады дейді депутат.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!