{metadescription}
Семей ядролық сынақ полигонын күзеткендер  наразылық білдірді
Семей ядролық сынақ полигонын күзеткендер  наразылық білдірді

Семей ядролық сынақ полигонын күзеткендер наразылық білдірді

Айтуларынша, олар қауіпті аймақта 20 жыл бойы қызмет атқарған. Енді сол қызметтен көрген зияны үшін мемлекет тағайындап берген әлеуметтік жәрдемақыдан түсініксіз жағдайда қағылып қалғандарын айтуда. Тіпті олар сотқа да жүгініп, әділдік іздеген көрінеді. Әйтсе де, жауапты орындар Мәскеуден анықтама сұратып, буынсыз жерден пышақ салды деп ашулы.

Бұл – 40 жыл бойы төбеден төнген Семей ядролық сынақ полигоны. Сол кездерде жер мен көкті тітіркендірген атом бомбаларының дүмпуін жұрт әлі күнге дейін естен шығарған жоқ. Соның салдарынан радиациялық  аймаққа жақын тұратын 500 мың адамның зардап шеккені де елге аян. Ал сол үлкенді- кішілі жарылыстарды көзбен көріп, сынақ алаңын күзеткен милиция қызметкерлері жандарын әрең сақтап қалған.

Георгий  Гузенко, Курчатов қаласының тұрғыны:

-Бізден 500 метр ғана жерде 135 шұңқыр болатын. Солардың барлығында жарылыстар жасалып тұрды. Оны жасағандардың өздері кетіп қалатын. Ал біз қоян секілді көрінген жерге бас сауғалайтын едік. Өйткені жанымызды қисақ та, жарылыс алаңын тастап кетпеуге міндетті болдық.

Бүгінде олардың басым бөлігінің денсаулығы сыр берген. Кейбіреуі қатерлі ісікке шалдығып көз жұмса, енді бірі қант диабетіне душар болыпты. Қазіргі уақытта сол қауіпті аймақты күзеткендерін растайтын куәліктері

қолдарында бар. Бірақ мемлекеттік қазынадан беріліп келген әлеуметтік жәрдемақы 2016 жылдан бері құжаттары түгел емес деген себеппен тоқтатылған. Олар содан бері сотқа да жүгінгенімен, ай сайын алатын 13 мың теңгелерін рәсімдей алмай әлек. Айтуларынша, бұл үшін облыстық ішкі істер департаменті Мәскеуден анықтама сұратқан.

Мұқаметжан Мұсажанов, Курчатов қаласының тұрғыны:

-Анықтаманы 31/600 әскери бөлімінен әкеліңдер дейді. Яғни, Мәскеуден. Біз онда әскерде болған жоқпыз. Оларда тұрмасақ, оны ешкім бермейді ғой.

-Ал жазбаша жауап қайтарған құзырлы органдар қайткен күнде де Мәскеуден анықтама алу керектігін жеткізді. Себебі, полигон кеңес дәуірінде болғандықтан оған қатысты құжаттардың барлығы көрші елде сақталыпты. Шенеуніктер онсыз жәрдемақы тағайындау мүмкін еместігін алға тартып отыр. Енді олардың айтқан жерінен бір жапырақ қағаз ала алмағандар не істерін білмей дал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде