{metadescription}
Оңтүстік Қазақстанда зорланды деген балаға қатысты жанжал ушыға түсуде
Оңтүстік Қазақстанда зорланды деген балаға қатысты жанжал ушыға түсуде

Оңтүстік Қазақстанда зорланды деген балаға қатысты жанжал ушыға түсуде

Күні кеше ғана бірінші сараптама жеткіншектің зорланбағанын дәлелдеді деп, екінші сараптаманың қорытындысын күтуді сұраған шенеуніктер енді жаппай жазаланып жатыр. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев шұғыл жиын өткізіп, күнгейдің біршама шенді-шекпендісін орнынан босатып, тағы бірнешеуіне қатысты шара қолдануды тапсырды.

Иә, кеше ғана бала зорланған жоқ деген жергілікті билік өкілдері арада бір күн өтпей жатып жаппай жазалануда. Облыс әкімі Жансейіт Түмейбаев білім мен тәрбие саласында, құқық қорғау саласында кемшкіліктердің бар екенін мойындап отыр. Сондықтан, залға жиналған ақжағалыларға шүйліккен ол былтырдан бері мәселеге атүсті қарап, дер кезінде шара қолданбаған шенеуніктерді шетінен орнынан тұрғызды. Бірінші болып, өзінің орынбасары Ұласбек Сәдібековке қатаң ескерту жасап, ары қарай Сарыағаш ауданының атқамінерлеріне көшті.

Жансейіт Түймебаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;

 -Сарыағаш ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Оразғалиев Бердалыны жұмыстан босатамын. Аудан әкімі болғандықтан барлық салаға сіз жауап бересіз. Сондықтан да, Сарыағаш әкіміне қатаң сөгіс жарияланады.

Сондай-ақ, енді аудан әкімінің білімге жауапты орынбасарына қатаң шара қолданылуы керек. Ішкі істер департаментінің жасөспірімдер ісі жөніндегі басқарма басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болды. Абай полиция бөлімінің басшысы Әсет Ибрагимов пен мектеп инспекторы да орнынан босатылды. Ал аудандық білім бөлімі мен зорланған және зорлады деген балалар оқитын қос мектептің директорлары тергеу біткенше қызметінен аластатылып отыр.

-Зорланды деген бала мен оның әжесі Астанаға жеткізіледі деп жатыр еді. Олар Елордаға барды ма?

Иә, қазір олар Астанада. Бірақ әуелі Алматыға жүруі керек болған Нұрсұлтан мен жақындары кеше түнде Шымкентте шым-шытырықты басынан кешірді. Пойызбен жүргелі жатқан кезінде оларды 30-ға жуық полицей күштеп түсіріп, ішкі істер департаментіне сүйрепті.

Дінмұхамед Артықов, құқық қорғаушы:

-Баланы біз Алматы қаласына  тәуелсіз сараптамадан өткізу үшін алып бара жатқанбыз.  Вокзалдан ұстап, ІІД бөліміне  әкелді.  Ештеме түсіндірген жоқ. Құдды бір қылмыскер сияқты ұстады.

Құқық қорғаушының сөзінше полицейлер баланың адвокатын да департаментке кіргізбей қойған екен. Тек, тілшілер мен жанашырлар көптеп жиналған соң ғана ішкі кіргізіпті. Айта кетсек, немересінің бірнеше мәрте зорланғанын айтып ғаламторды шулатып, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған соң Шымкентке мәжіліс депутаты әрі омбудсмен Зағипа Балиева келген. Тілшілер тағы шулап, департамент алдынан кетпей қойған соң Балиева баланың жағдайы туралы сұхбат берді.

Зағипа Балиева, Мәжіліс депутаты:

 -Мен тек қана өкілі ретінде бала сау, денсаулығы сау, тамағы тоқ, жағдайы жасалған. Қазір бала менімен. Әжесі де менімен, әпкесі де менімен.

Баламен психологтардың жұмыс жасап жатқанын айтқан Зағипа Балиева бүгін ерте Нұрсұлтан мен жақындарын өзімен бірге Астанаға әкетті. Онсызда екі мәрте сот-медициналық сараптамадан өткен оған тағы процедуралар жасатылмақ. Егер, баланың зорланғаны расталса жазаланатын шенеуніктердің саны әлдеқайда артатыны анық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.