{metadescription}
Қарағандыда үйлері өртенген жұрт елден көмек сұрады
Қарағандыда үйлері өртенген жұрт елден көмек сұрады

Қарағандыда үйлері өртенген жұрт елден көмек сұрады

Қарағанды қаласында үйлері өртеніп далада қалған 8 отбасы өлместің күйін кешуде. Баспаналары күлге айналып, өздері тентіреп қалған 26 адам қайда барарын білмей қаңғырып қалды. Айтуларынша, жергілікті билік те жәрдем беруге асығатын емес. Сондықтан олар жомарт жандардан жәрдем сұрауға мәжбүр.

7-ші наурыз күні болған өрттен екі қабатты үйдің түгі қалмай жанып кеткен. Құдай сақтап адам шығыны болған жоқ. Өйткені мұндағы тұрғынның бірі шатырдан тұтанған тілсіз жауды дер кезінде байқап, көрші-қолаңға хабар берген. Сөйтіп 26 адам киімсіз таңғы бесте далаға қашып шықан.

Виктория Тэн, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Тек құжаттарымызды алып үлгердік. Ал төтенше жағдайлар қызметі келе сала іске кіріспей қарап тұрды. Олар электр сымдары ажыратылмай, өртті сөндіре алмаймыз деп 45 минут жүріп алды. Бұл уақытта шатыр да, ішіндегі жиһаздардың бәрі жанып кеткен.

8 отбасының дүние-мүлкі мен киім-кешегінің дымы қалмай жанып кеткен. Мына төбесі ашық баспана қазір тұруға мүлдем жарамсыз. Сондықтан далада тентіреп қалғандар туыстарын паналауға мәжбүр. 

Галина Цой, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Жағдайымыздың қандай боларына қатты алаңдап тұрмыз. Мен не істерімді білмей қалдым. 68 жасқа келгенде осындай болады деп кім ойлаған. Жақындарымның үйінде қашанғы тұра бермекпін.  

Жапа шеккендер билік өкілдерінен көмек болмағанына қапалы. Айтуларынша, атқамінерлер уақытша пәтер ұсынуға да жарымаған. Ал, шенділер болса қаңғырып қалғандардың жайына әбден қанық екен. Бірақ олардан әзірге қайыр болмайтын тәрізді.

Ғалым Мұқашев, Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары:

-Өрттің пеш құбырынан шыққаны анықталды. Қазір арнайы комиссия құрып, ғимараттың жарамдылығын тексертіп жатырмыз. Қалпына келтіруге жараса, демеушілерді тартып көреміз. Ал мамандар жарамсыз десе, онда мемлекеттік бағдарлама арқылы қайта тұрғызуға тура келеді. Бірақ ол тегін берілмейді. Сосын, бұл ұзақ процесс.

Биліктен жәрдем болмасын білгендер амалсыз жомарт жандарға алақан жаюға мәжбүр. Олар қайырымды кісілерден кез-келген көмекті қабылдауға әзірміз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде