{metadescription}
Ақмола облысында лауазымды полицейлер радикалдық топтың қылмысына көз жұма қараған
Ақмола облысында лауазымды полицейлер радикалдық топтың қылмысына көз жұма қараған

Ақмола облысында лауазымды полицейлер радикалдық топтың қылмысына көз жұма қараған

Ақмола облысында бір топ лауазымды полицей ұсталды. Жемқорлыққа қарсы бюро  Ішкі істер департаментінің бірнеше қызметкерінің қолына кісен салды. Сақшылар «Қазақалтынға»  қарасты шахтадан  заңсыз алтын  қазғандардың  қылмысын жасырып  келген.

Әрине, тегін емес, қомақты параға. Ұсталғандардан 23 миллион теңге, қару, жарылғыш зат, алтын  табылған. Қылмыстық топтың қатарында  Степнагоррск аудандық Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Тоқмырза Дүйсембаев,  жедел қызмет уәкілдері Жекібаев, Құлышов және Ақсу елдімекені  полиция бөлімінің басшысы Бибатыров,  Бестөбе ауылы полиция бөлімінің басшысы Айнагелдинов болған. Сондай-ақ, құрықталғандардың арасында  жат ағымының жетегінде жүргендер де бар. Тергеу материалдарына  қарағанда, полицейлер сенімді өкілдері арқылы қарақшылардан жүйелі түрде ауызбастырық алып келген. Сөйтіп, қылмыскерлерге  шахтаға заңсыз түсіп, алтын қазуға жағдай жасаған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде