Солтүстікте су қоймасынан қауіп төнді
Мамандардың айтуынша, биылғы көктемде теріскейде де тасқын қатты болуы мүмкін. Оған өңірге қардың аз түсуі салдарынан жер тоңының тым қалың боп кетуі себеп көрінеді.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
15.03.2018
Өңірде әдетте қазан айында ақ ұлпа қалың түсетін. Бұл қарашаның соңына қарай келетін алғашқы саршұнақ аяздардан топырық бетін әжептеуір қорғаушы еді дейді маандар. Биылғы жағдай өзгеше. Жаңа жылға дейін қап-қара болып жатқан жер шамамен бір жарым метрге дейін тоң болып қатып қалыпты. Бұл ертең тіпті еріген жұқа қардың өзі топыраққа сіңбейді деген сөз. Есіл бойы орналасқан аудандар мен облыс орталығын тасқыннан қорғайтын Сергеев су қоймасы да қазірдің өзі аузы-мұрнынан шығып тұр екен. Осыны алға тартқан мамандар көктемгі науқанға жан-жақты дайындалып жатқан көрінеді. Су басуы мүмкін елді мекендердегі халықтың саны мен мал-мүлкі тізімге алынып, ескертулер таратылуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!