Астанада Орта Азия елдерінің басшылары қандай келісімге келді?
Орта Азияда қайта жылымық орнай бастады. Ондаған жылдар бойы қырғи-қабақ болып келген бір шаңырақ астындағы 5 мемлекет экономикалық байланысты күшейтіп, алыс берісті жандыруға кірісті. Бүгін Астанада Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркіменстан ендігі жерде араға ешкімді салмай, ішкі мәселемізді өзіміз шешейік деп қолқа салды. Сондай-ақ президентер саясатқа айналған қара су, даулы шекара жайын де өзара түсіністікпен шешуге келісті. Жалпы Өзбекстанда биліктің өзгеруі тұтас Орта Азиядағы ахуалға оң әсере ете бастады. Мұны бүгін Назарбаевта ерекше атап өтіп, Мирзеевтің еңбегін...
Автор: Досжан Маратұлы
15.03.2018
еусіз қалдырған жоқ.
Келісілген талқыланған мәселе көп. Жалпы, Орталық Азия елдерінің президенттері соңғы рет 9 жыл бұрын кездескен. Енді араға жылдар салып Астана төрінде бас қосып отыр. Бірақ, жиынға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан басшылары ғана келді. Ал, Түрікменстан президентінің басқа кездесуі болғандықтан, оның орнына Мәжіліс спикері Акджа Нұрбердиеваны жібере салыпты. Ал, Ақордаға бірінші болып Қырғыз елінің президенті келді. Сооранбай Жээнбеков пен Назарбаев алдымен оңаша кездесіп, кеңесті. Әріптесін жылы қарсы алған Елбасы осы жерде Қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселені тағы қозғады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Екеуміз кездескеннен кейінгі, келісілген мәселелердің барлығы шешіліп жатыр шетінен. Жол картамыз бар, сауда-саттық жақсы болып жатыр. Соны әлі де бұйырса болашақта бәрі дұрыс болады деп есептейміз.
Сооранбай Жээнбеков, Қырғыз республикасының президенті:
-Бізді жылы қабыл алып, мейман қылғаныңыз үшін терең ризашылық білдіремін сізге. Орталық Азия мемлекеттерінің Астанада кездесуі үлкен, тарихи көрініс.
Бұдан соң, Өзбекстан президенті келді. Негізі бес мемлекетке ортақ мереке – Наурызға қарсы жиналуды осы Шавкат Мирзиеев былтыр қыркүйек айында ұсынған еді. Мұны кұп көрген Назарбаев әріптесін құшақ жая қарсы алып, сағынып қалғанын жасырмады.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
-Қош келдіңіз Қазақстанға көп күтеміз, сағындық. Көп болды келмегеніңізге. Көп шаруаларды жасап жатырсыз. Көршілердің барлығына кіріп шықтыңыз. Барлығын түзеп жатырсыз.
Бұдан соң, көп кешікпей Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Түрікменстан өкілі келіп көптен күткен жиын басталды. Осы жерде алғаш болып сөз алған Нұрсұлтан Назарбаев Орта Азия елдеріне қарым қатынысты одан әрі нығайтып, алыс берісті жандандыру керек деді. Ол үшін президент әріптестерін жұмылып жұдырық болуға шақырды.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
-Мне лично было очень приятно увидеть министров иностранных дел наших стран в Нью-Йорке, когда я председательствовал на Совете безопасности ООН. Это была серьезная поддержка. Так нужно поступать всегда, поддерживая друг друга.
Әрі қарай президенттер жабық есік жағдайында кеңесті. Экономика саясаттан бөлек, есірткі саудасы мен терроризмнен төнетін қауіп туралы айтылды. Әсіресе, Ауғанстандағы жағдай шұғыл шешім қабылдауға мәжбүрлеп отыр. Өйткені, бас көтеріп жатқан талибандар көрші, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрікменстан елдеріне үлкен қауіп төндіріп тұр. Сондықтан, содырлардың шекарадан өтіп кетпеуі үшін бес елдің құзырлы орындары ақпарат алмасып, бірігіп, күреспек. Енді бүгін бас қосқан бес мемлекет келесіде Өзбекстан астанасы Ташкентте жүздеспекші.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!