{metadescription}
Аягөзді жайпап өткен өзен арнасын бекіту жұмыстары басталып кетті
Аягөзді жайпап өткен өзен арнасын бекіту жұмыстары басталып кетті

Аягөзді жайпап өткен өзен арнасын бекіту жұмыстары басталып кетті

Аягөзді жайпап өткен өзен арнасын бекіту жұмыстары басталып кетті. Тас артқан ауыр  техникалар таңсəріден апат орнында жол төсеп, арнаны апыл-ғұпыл...

trong>қоқыстан тазалап жатыр.

Кіші Аягөз деп тұрғындардың өздері ат қойып алған бұл кішігірім өзен бұрын соңды мұндай мінез танытпаған екен. Сондықтан тасиды деп ешкім ойламаған. Су тасқынынан сабақ алған құтқарушылар енді ғана оның арнасын бекітуге кірісті. Одан қалды өзен іші қоқысқа толған. Яғни, қараусыз қалғаны көрініп тұр. Ол кемшіліктер де енді ескеріліп жатыр. Ал осы жағдайды пайдаланып зардап шеккен азаматтарға деп жөн-жосықсыз қайырымдылық шоттары ашылып жатқан көрінеді. Ол алаяқтардың іс-əрекеті болуы мүмкін деген атқамінерлер Аягөздегі апатқа қатысты тек бір ғана ресми шоттың бар екенін ескертуде.

Амангелді Тілеужанов, Аягөздік аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы:

- Бізде Аягөзде тек бір шот бар. Ол Аягөз Болашақ қоры. Басқа шот болатын болса оған халқым абай болыңыз. Тек қана осы шотқа аударылуы керек. Осы шот қана жұмыс жасайды. 56 млн теңге ақша  түсті бүгінгі күнге. Оған 12 адамға үй берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде