{metadescription}
Зағипа Балиева зорланды делінген оқушыны қорғайтын заңгер таппай жүр
Зағипа Балиева зорланды делінген оқушыны қорғайтын заңгер таппай жүр

Зағипа Балиева зорланды делінген оқушыны қорғайтын заңгер таппай жүр

Қоғам белсенділері Алматыда осылай деп жатқан сәтте, Астанада Мәжілісмен Зағипа Бәлиева мәлімдеме жасады. Яғни, оның сөзінше, балақайға көмектесетін бір де бір заңгер жоқ деп отыр. Бірнеше адам өзін баланың құқын қорғаймыз, заңды өкіліміз деп жариялағанымен, Балиева солардың бір де біреуін көрмепті.

Жеті жасар қазір бала Астанадағы оңалту орталығында. Толыққанды медициналық сараптама жүргізілмейінше ол сонда бола тұрмақ. Оңтүстік Қазақстан облысы, Абай аулының бірінші сынып оқушысына қатысты зорлық зомбылық туралы осыдан бірер күн бұрын белгілі болған еді. Осы мәселеге білек сыбана кіріскен балалар омбудсмені Зағипа Балиева бір де бір адвокатты көрмегенін айтып отыр. Тіпті, шешесі де телефон көтеруді қойыпты.

Зағипа Балиева, ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

-Мен бір де бір адвокатты, заңды өкілі екенін дәлелдейтін құжаты бар бір де бір адамды көрген жоқпын. Өзін солай таныстырған бір адамды Шымкент қонақүйінде екі сағат бойы күтіп отырдық, келмеді. Анасын да таппай қалдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде