{metadescription}
Тікелей эфир: Ресей Американы лаңкестерді қаржылай қолдап отыр деп айыптады
Тікелей эфир: Ресей Американы лаңкестерді қаржылай қолдап отыр деп айыптады

Тікелей эфир: Ресей Американы лаңкестерді қаржылай қолдап отыр деп айыптады

Сириядағы соғысты тоқтату  ірі державалардың өзара келісіміне байланысты болып тұр.   Алайда, Ресей мен АҚШ ортақ мәмілеге келе алар емес. Тіпті ресми Мәскеу Вашингтонды лаңкестерді қаржылай қолдап отыр деп айыптады. Бүгін Астанада Дамаскідегі  сойқанға қатысты  кепіл етуші мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталды. Басқосуда тағы қандай мәлімдеелер жасалды?  

Бүгін Сириядағы қанды қырғынды тоқтатуға мүдделі мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері ғана кездесті. Жиналғандардың арасында Сирияның  бір де бір өкілі жоқ.  Және бақылаушылар,  БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша өкілі Стаффан де Мистура да келмеген.

Тек Ресей, Түркия, Иранның дипломаттары кеңесуде. Тараптар түгел болмаған соң ба, бүгінгі жиынның ашылуына журналистер қатысты. Онда да он бес минуттан кейін отырыс қайта жабық есік жағдайда жалғасты. Біздің еліміз бұл кездесуде де бейтарап ұстанымда.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

-Осы күндерде бірінші рет Елордамызда кепілгер елде:  Иран, Ресей мен Түркияның  сыртқы саясат ведомстволарының басышларымен өтетін министрлік кездесу Сириядағы ақуалды реттеу бойынша ынтымақтастықтың алғашқы жылы ішінде қол жеткізілген нәтижелерді талқылауға, сондай-ақ, алдағы  уақыттарда үшджақты іс-қимылдарды белгілеуге жақсы мүмкіндік береді деген ойдамыз.

Сондай-ақ, Қайрат Әбдірахманов барлық тарапты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын, яғни, Таяу Шығысқа қатысты шығарған шешімін  орындауға  шақырды. Кеңестің ақпандағы жиынында Сирия территориясындағы соғысты  кем дегенде 30 күнге дейін мүлдем тоқтату туралы жазылған. Әбдірахманов,  әсіресе, Ресей мен АҚШ оңаша отырып бетпе-бет ақылдасу қажет дейді.

Астанаға келген Ресейдің де Сыртқы істер министрінің қабағы қату.

Сергей Лавров Сирияның бөлінгенін қалайтындар Астана процессіне қатысқысы келмейді деген мәлімдеме жасады. Және АҚШ лаңкестерге қарсы әрекетсіз отыр деген ойын айтып қалды.

Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:

-Сириядағы жағдайға қатысты Обаманың кезінен келе жатқан күрделі мәселе бар. АҚШ  өз әрекетімен «Жебхат ан-Нусраны» қолдап отыр. Ал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша бұл топ  лаңкестік деп танылған. Негізі, қарулы оппозицияны террористерден бөлу керек. Америкалық коалиция оны  қаламайды.

Яғни, Лавровтың айтуынша,  Америка Сириядағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге кедергі келтіруде. АҚШ  Шығыс Гутедегі экстремистерді қолдап отыр екен. Негізі, бүгін үш елдің  Сыртқы істер министрі Сириядағы деэскалация аймақтарға  қатысты ортақ шешім шығаруға және алдағы  жоспарларын  пысықтап алу үшін бас қосқан. Ал Астана процесінің 9-раунды мамырдыың ортасында өтетін болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде