{metadescription}
Атышулы «шыны королі» Мұратхан Тоқмәди сотталды
Атышулы «шыны королі» Мұратхан Тоқмәди сотталды

Атышулы «шыны королі» Мұратхан Тоқмәди сотталды

Белгілі бизнесмен Мұратхан Тоқмәди енді 10 жыл 6 ай уақытын түрмеде өткізеді. Бүгін Таразда атышулы қылмыстық іске соңғы нүкте қойылып, судья «шыны короліне» осындай үкім кесті. Әрі қос тарап та бұл шешімге қарсылық білдірген жоқ. Сондықтан ешкім апелляциялық шағым түсірмейдін болды.

Мұратхан Тоқмәди осы сот ісі басталысымен өзін өте сабырлы ұстады. Судья мен мемлекеттік айыптаушының сауалына әрдайым өте қысқа жауап қайтарып отырды. Көбіне келісемін деп бас шұлғумен болды. Бүгін де ол өзін байсалды ұстады. Тіпті ол соттың қандай ұйғарым жасайтынын алдын ала білгенген сияқты. Ал үкім шығатын күні де әдеттегідей оның жақындары төбе көрсетпеді.

Азамат Тілепов, судья:

-Мұратхан Тоқмәди кінәлі деп танылып, дүние-мүлкі тәркіленбей 10 жыл 6 айға түрмеге жабылсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің қауіпсіздігі жоғары колониясында өтейді.

Тоқмәди сот шешіміне қарсылық білдірген жоқ. Жалпы, қос тарап та үкіммен келісіп отыр. Сондықтан апелляциялық шағым болмайды. Ал бұл жаза мерзімі қысқаруы да мүмкін. Бірақ қанша жылға екені белгісіз.Осы жерден тарқатып айтсам. Шыны корольі «Тұран Әлем Банкінің» басшысы болған Ержан Тәтішевті қасақана өлтіргенін мойындаған. Тапсырыс беруші олигарх Мұхтар Әблязов деген болатын. Енді осы қылмысы үшін Әблязов жауапқа тартылуы керек. Тек содан соң ғана прокурорлармен жасалған процесуалдық келісім жүзеге асады. Яғни Тоқмәди кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, тергеу ісіне көмек бергені үшін жазасы жеңілдеуі тиіс.

Қанша жылдан бері қашқын банкирді ұстай алмай жүрген Қазақстанның күштік құрылымдары Әблязовты жуық арады елге алдырады дегенге сену қиын. Бірақ Тоқмәдидің жазасын қысқарту үшін, олигархтың сырттай сотталғаны жетіп жатыр.

Бұл жайында еш жерде ештеңе айтылып жатқан жоқ. Белгілісі, бұл іс қазір қаралып жатқан көрінеді.  Жалпы Қылмыстық кодексте қашып кетіп, 7 күн ішінде бұзақылық жасамай оралған адам жауапқа тартылмайтыны туралы айтылған. Естеріңізге салсам, Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті аңшылықта жүріп атып өлтірді деп айыпталған еді. Тоқмәди бұл қылмысын 13 жылдан кейін бір-ақ мойындады. Бұған дейін ол «бопсалау», заңсыз қару-жарақ сақтау, сату, тасымалдау» сынды ауыр баптар бойынша айыпталып, бірақ тергеу ісіне көмек бергені үшін 3 жылға сотталған. Ал тараздағы сотта судья сол 3 жылды есептеп әрі Тоқмәдидің бұл жолы да тергеушілерге болысқанын ескеріп, оны жалпы 10 жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде