«Дегдар» қоры жарымжан балаларға тосын сый жасады
«Дегдар» қоры кезекті рет балаларға тосын сый жасады. Туа бітті сал ауруына шалдығып қана қоймай, ата-аналары өзектен тепкен балалар үйі заманауи сенсорлық және мүгедектерге арналған құрылғылары бар «Монтессори» деп аталатын бөлмемен жабдықталды.
16.03.2018
Алматы облысы, Шелек аулындағы балалар үйіндегі бүлдіршіндер жаңа бөлмелерді көріп, шат-шадыман көңіл-күйге бөленді. «Монтессори» бөлмесіндегі жабдықтар бүлдіршіндердің дамуына оң әсер етеді. Ал, заманауи сенсорлық бөлме кішкентай мүгедектердің денсаулығын қайта қалпына келтіруге пайдасы мол. Бөлмеде ойлау қабілеттерін жақсартатын түрлі ойындар бар. Мұндағы 18 бүлдіршінге жалпы саны 104 түрлі дерт жабысқан. Тәрбиешілер мен дәрігер мамандар сол аурулармен күресіп келеді.
Жанат Сексенбаев «Дегдар» қоғамдық қорының жоба үйлестірушісі:
-Бөлме балалар үшін жасалды. Қор қызметкерлері оларды әр баланың қажеттілігіне сай, жеке-жеке таңдап алды. Бұл сыйымыз бүлдіршіндерге жақсы әсер етеді деген үміттеміз.Көрмейсіздер ме балалардың қуанышында шек жоқ. Ең бастысы – осы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!