Ресей Америка жариялаған жаңа санкцияға бей-жай қарамайтынын ескертті
Ресми Кремль Америка жариялаған жаңа санкцияға бей-жай қарай алмайтынын ескертті. Ресей сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Мәскеу тарапы да санкцияға жауап есебінде «қара тізімнің» қатарын көбейтуді көздейді. Бірақ, бұл, біздің қалауымыз емес, тек АҚШ-тың әрекетіне қарсы амалымыз деп отыр.
Автор: Мақсат Мәлік
16.03.2018
Естеріңізге салсақ, АҚШ Ресейге қарсы санкция ауқымын кеңейткен болатын. Ақ үй жасаған тізімге ресейлік бизнесмен Евгений Пригожин мен тағы 18 адам ілінген. Вашингтон бұлардың барлығы америкадағы сайлауға кедергі жасады деп есептейді. Одан өзге, 3 компания қара тізімге алынған. Олардың арасында «тролль фабрикасы» деген атпен белгілі «Интернет зерттеулері агенттігі» бар. Бірақ, ресми Мәскеудің айтуынша, Ресей АҚШ-пен арадағы диологты түбегейлі тоқтатуға мүдделі емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!