{metadescription}
Грузияның курортты аймағындағы таудан ондаған адам құлап кетті
Грузияның курортты аймағындағы таудан ондаған адам құлап кетті

Грузияның курортты аймағындағы таудан ондаған адам құлап кетті

Грузияның курортты аймағында төтенше жағдай. Елдің Гудаури дейтін шаңғы тебетін тауында ондаған адам аспалы жолдан құлап, зардап шекті.

Алдын ала мәлімет бойынша, тауда электрқуаты сөніп қалған. Салдарынан аспалы жолдағы темір орындықтар төмен сырғанап бір-біріне соғылады. Демалушылардың кейбірі бекетке жетпей секіріп құлап жатса, үлгермегендері станцияда жаншылып қалды. Ақ қардың беті қызыл-ала қанға боялды. Ондаған адамға алғашқы көмек көрсетіп, оларды жедел-жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Кейін Тбилисидан арнайы реанимобильдің де жіберілгені белгілі болды.  Айта кетейік, Гудаури Грузиядағы ең атақты тау шаңғы курортты аймақтардың бірі. Ол теңіз деңгейінен екі мың метр биіктікте орналасқан. Бұл жерге көбіне әуесқой шаңғышылар келіп демалады. Ал шаңғы тебу маусысы жетоқсанда басталып мамырға дейін жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.