{metadescription}
ШҚО-да тасқын қауіпін төндірген өзендер енді ғана бақылауға алынды
ШҚО-да тасқын қауіпін төндірген өзендер енді ғана бақылауға алынды

ШҚО-да тасқын қауіпін төндірген өзендер енді ғана бақылауға алынды

Шығыс Қазақстан облысында тасқын қаупін төндіріп тұрған өзендер  қатаң бақылауға алынды. Себебі, аймақтың кей суларында мұздың қалыңдығы 1 метрге дейін жеткен екен. Солардың бірі – Үлбі өзені. Ол Шемонаиха ауданындағы басты көпірге қауіп төндіруде. Сондықтан төтеншеліктер бөлінген 2 жарым миллион теңгеге мұзды жарды.

Аймақтың құтқарушылары тасқын бұлты сейілгенше барлық үлкенді-кішілі өзендерді тікұшақпен бақылауға мәжбүр. Өйткені биылғы қыста аяз қатты болғандықтан, ондағы қатқан мұз қалыңдап кеткен. Мысалы, Үлбі өзеніндегі мұздың тереңдігі 1 метр. Сондықтан мамандар, тасқынның алдына алу үшін дереу жару жұмыстарын жүргізуде.

Ал келуі мүмкін топан судан үрейі ұшқан  Шемонаиха аудандық әкімшілігі мұзды жару үшін жергілікті қазынадан 2 жарым миллион теңге бөлген екен. Себебі, атқамінерлердің айтуынша, Үлбі өзенінде мұздың қалындауы аудандағы жалғыз көпірге қауіп төндіріпті.

Евгений Пищальников, Шемонаиха аудандық әкімдігінің азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы жөніндегі бас инспекторы:

-Тасқын кезінде аққан суға мұз кедергі келтіруі мүмкін. Осының салдарынан мына көпірді су шайып кетуі ықтимал. Сондықтан бірден ақша бөлуді ұйғардық.

Ал топан су жалғыз көпірді ғана емес, өзенге жақын орналасқан үйлерді де жайпап өтуі әбден мүмкін. Жалпы, осы аймақтағы төтеншеліктерге Аягөз ауданында орын алған су тасқыны сабақ болған тәрізді. Енді олар су қоймалары мен өзендерді кірпік қақпай күзетпек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде