{metadescription}
Астанада Сирия бойынша тараптар қандай мәмлеге келді?
Астанада Сирия бойынша тараптар қандай мәмлеге келді?

Астанада Сирия бойынша тараптар қандай мәмлеге келді?

Сириядағы соғысты тоқтату  ірі державалардың өзара келісіміне байланысты болып тұр.   Алайда, Ресей мен АҚШ ортақ мәмілеге келе алар емес. Тіпті ресми Мәскеу Вашингтонды лаңкестерді қаржылай қолдап отыр деп айыптады. Бүгін Астанада Дамаскідегі  сойқанға қатысты  кепіл етуші мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің  кездесуі басталды. Басқосуда тағы қандай мәлімдемелер  жасалды?  Тілшіміз Жәудір Оразхан тікелей байланысқа шыққалы тұр.

Бүгін Сириядағы қанды қырғынды тоқтатуға мүдделі мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері ғана кездесті. Жиналғандардың арасында Сирияның  бір де бір өкілі жоқ.  Және бақылаушылар,  БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша өкілі Стаффан де Мистура да келмеген. Тек Ресей, Түркия, Иранның дипломаттары кеңесуде. Тараптар түгел болмаған соң ба, бүгінгі жиынның ашылуына журналистер қатысты. Онда да он бес минуттан кейін отырыс қайта жабық есік жағдайда жалғасты. Айта кету керек, біздің еліміз бұл кездесуде де бейтарап ұстанымда.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

-Осы күндерде бірінші рет Елордамызда кепілгер елдер:  Иран, Ресей мен Түркияның  сыртқы саясат ведомстволарының басышларымен өтетін министрлік кездесу Сириядағы ақуалды реттеу бойынша ынтымақтастықтың алғашқы жылы ішінде қол жеткізілген нәтижелерді талқылауға, сондай-ақ, алдағы  уақыттарда үшджақты іс-қимылдарды белгілеуге жақсы мүмкіндік береді деген ойдамыз.

Сондай-ақ, Қайрат Әбдірахманов барлық тарапты  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын, яғни, Таяу Шығысқа қатысты шығарған шешімін  орындауға  шақырды. Кеңестің ақпандағы жиынында Сирия территориясындағы соғысты  кем дегенде 30 күнге дейін  тоқтату туралы жазылған. Әбдірахманов,  әсіресе, Ресей мен АҚШ оңаша отырып бетпе-бет ақылдасу қажет дейді.

Елордаға келген  Ресейдің  Сыртқы істер министрінің қабағы қату.

Сергей Лавров  Сирияның  бөлінгенін  қалайтындар   Астана процессіне қатысқысы келмейді деген мәлімдеме жасады. Және АҚШ лаңкестерге қарсы әрекетсіз отыр деген ойын айтып қалды.

Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:

-Сириядағы жағдайға қатысты Обаманың кезінен келе жатқан күрделі мәселе бар. АҚШ  өз әрекетімен «Жабхат ан-Нусраны» қолдап отыр. Ал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша бұл топ  лаңкестік деп танылған. Негізі, қарулы оппозицияны террористерден бөлу керек. Америкалық коалиция оны  қаламайды.

Яғни, Лавровтың айтуынша,  Америка Сириядағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге кедергі келтіруде. АҚШ  Шығыс Гутедегі экстремистерді қолдап отыр екен. Түркияның сыртқы істер министрі де осы Шығыс Гутедегі жағдай бүгін кепіл беруші елдердің басты назарында болғанын жеткізді. 

Мевлют Чавушоглу, Түркия Сыртқы істер министрі:

- Біз Шығыс Гутедегі жағдайды рететудің жолын қарастырдық. Сирия Үкіметі қандай шара қолдану керек деген мәселені және лаңкестік ұйымдарды бейбіт тұрғындардан бөліп алудың амалын талқыладық.

Сондай-ақ, Сириядағы соғыс болып жатқан аймақтарға гуманитарлық көмек жетпей қалуда екен. Киім-кешек, азық-түлік тиелген көліктерді лаңкестер өткізбей, жолды жабуда дейді жиналғандар. Бірақ кепіл мемлекеттер мұндай  кедергілерге қарамастан Сириядағы бейбітшілік үшін күресті жалғастыра бермек.

Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:

-Шығыс Гуте төңірегінде шыққан  шуға қарамастан, біз Сирия билігіне көмектесуді жалғастыра береміз. Конституциялық комитет құрып, оның жұмысын  Женева отырысына қатысамыз. Және Сирияның тұтастығын сақтап қалуға атсалысамыз.

Үш мемлекеттің министрлері Астана процессінің нәтижесін кезек-кезек мақтаумен болды. Бір жылдық келіссөздер барысында тараптар Сириядағы қанды қырғын болып жатқан аймақтардағы   әскери тұтқындарды алмасу, із-түзсіз жоғалып кеткендерді іздеу және қаза тапқандардың денесін қайтару туралы келісімге қол жеткізді.

Негізі, бүгін үш елдің  Сыртқы істер министрі Сириядағы деэскалация аймақтарға  қатысты ортақ шешім шығаруға және алдағы  жоспарларын  пысықтап алу үшін бас қосқан. Ал Астана процесінің 9-раунды мамырдың 14-15-і  өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде