СІМ: АҚШ азаматтары үшін визасыз режим орнатуға Ресейдің рұқсаты керегі жоқ
АҚШ азаматтары үшін визасыз режим орнатуға Ресейдің рұқсаты керегі жоқ. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдемесіне біздің министрлік жауабы осындай.
Автор: Ербол Тұрымбет
16.03.2018
АҚШ пен Қазақстан азаматтарына қатысты визасыз тәртіп орнату бастамасы Елбасының Вашингтонға сапары барысында көтерілген болатын. Келісімге әлі қол қойылмағанымен, АҚШ-пен қарым-қатынасы күннен күнге суып жатқан Ресейге бұл ұнамаса керек. Кеше тіпті Сергей Лавров мұндай келісімді ресми Астана Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен келісіп алуы қажет деп салды. Бірақ, біздің дипломаттар көршінің сөзін құптамай қойды. Қазақстан АҚШ-пен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да салаларда байланыс орнатып, инфетиция тартуды көздейді. Ол үшін өзгелердің рұқсаты керек емес дейді Сыртқы істер министрлігіндегілер.
ҚР СІМ
-Шетел азаматтары үшін визасыз режим орнату немесе оны алып тастау кез келген егемен мемлекеттің құқығы болып табылады. Еуразиялық экономикалық одақ саяси ұйым емес. Бұл одақты құрар кезде барлық мүшелері оны саясиландырудан, одақ құзырына мемлекеттің егемендігіне қатысты мәселелерді енгізуден саналы түрде бас тартқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!