{metadescription}
Жанайқай: «Нұр Ақтөбеден» үй алғандар Сапарбаевтан көмек сұрады
Жанайқай: «Нұр Ақтөбеден» үй алғандар Сапарбаевтан көмек сұрады

Жанайқай: «Нұр Ақтөбеден» үй алғандар Сапарбаевтан көмек сұрады

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлердің төбесінен су сорғалап жатыр. Мазасы қашқан тұрғындар жаңа баспаналарынан безіп кетудің алдында отыр. Өйткені сапасыз құрылыстың кесірінен үйлердің төбесі тесіліп қалған.

- Әкімдіктегілер бұл мәселеге бас ауыртып отырған жоқ. Кем-кетікті түзетуді басқарушы компанияларға жүктеген. Бұл жайында сәлден соң айтамын. Ең бастысы, осы қала шетінде орналасқан «Нұр Ақтөбе» ықшамауданындағы барлық үй мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған.

Сырты жалтырап тұрғанымен, ішіндегі кем-кетіктері жетіп артылады.

 «Нұр Ақтөбеден» үй алғандардың күйі болмай жүр. Қыста жылуға, жазда суға жарымайды. Ал көктем шыға жоғары қабатта тұратындар төбеге қарап түңіледі. Өйткені шұрық-тесік шатырдан аққан су баспаналарына сорғалап тұр. Сондықтан жұрт су жаңа пәтерлернің әр бұрышына шелек-табақтарын қойып әуре.

Жаннұр Аниева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Қыс, көктемде жаңбыр жауса төбемізден су ағады да отырады. Барлық жерге бардық. Қала әкімі Испановқа да жаздық. Облыс әкімі Сапарбаевқа да бардық. Таңғы беске дейін жолдасым екеуміз алма кезек отырып төгіп шықтық.

Бұл үйлерді алдыңғы жылы жаңбыр суы басып қалған еді. Ол кезде төбеден сорғалаған су жоғары қабат былай тұрсын, төменгі қабаттағы пәтерлерге дейін жайылды. Шенеуніктер сол кезде жаңа қоныстарына кіргендерге сапасыз үй салғандарды жазалап, ретке келтіреміз деп ант-су ішкен болатын. Бірақ айналдырған екі жыл ішінде түк өзгермепті. «Нұр Ақтөбедегі» үйлердің тазалығынан бастап, барлық жағдайын жасау – қазір  басқарушы компанияның міндеті. Бірақ олар төбені бітеуге қауқарсыз. Себебі, ақшасы да жоқ. Олар да құрылыстың сапасыз салынғанын жасырмады. 

Павел Гержик, №30 басқару компаниясының бас инженері:

-Егер құрылыс жүргізген мердігер төбені құр қара қағазбен жапса, мен не істеймін? Сол тесіліп, пәтерлерге су ағып жатыр. Ал біздің компанияның төбені қайта жөндеуге ақшасы жоқ. Сондықтан шығынды тұрғындардың өздері жабуы тиіс.

Әкімдіктегілер кепіл мерзімі біткендіктен мердігерлерге түк істей алмайды екен. Сондықтан, жаңағы басқарушы компания өкілі айтқандай, тек тұрғындардың өздері ақша жинауға міндетті. Енді ондағы халыққа мемлекеттік бағдарламаға алған баспаналарының несиесінен бөлек, құрылыс компанияларының сапасыз жұмысынан болған кем-кетікті жамауларына тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде