Жаңа талап: Көлік салығын төлемегендер тығырыққа тірелді
Көлік иелері мемлекетке 20 миллиард 500 миллион теңге қарыз. Тездетіп салығын төлемесе, бәрінің ісі сотқа кетеді. Оның ақыры, көлік иелері құжатынан айрылып, банктегі есепшоты бұғатталады немесе тіпті елден шыға алмай қалады.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.03.2018
Салық кодексіндегі өзгерістерге сәйкес, биылдан бастап мұндай материалдарды салық қызметкерлері тікелей сотқа жолдай алады. Бұған дейін бұл мәселе ұзақ уақыт алатын. Мәселен, бір Алматының өзінде салығын төлемей жүргендер саны 158 мыңға жеткен. Мұнда көлік иелерінің берешегі 6 миллиард 300 миллион теңге. Енді төленбеген салығы 2405 теңгеден асып кеткендердің ісі тек сотта қаралатын болады. Ал төлегісі келгендер салығымен қоса, сот орындаушыларының қызметіне де төлейді. Оған бүкіл берешегінің 25 пайызы көлемінде ақша ұсталады. Ал төленбей қалса, әр күні үшін өсім жүретінін салықшылар ескертіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!