{metadescription}
Іздеу: Шымкентте танымал кәсіпкердің отбасын қырып кеткендер ұсталмай жатыр
Іздеу: Шымкентте танымал кәсіпкердің отбасын қырып кеткендер ұсталмай жатыр

Іздеу: Шымкентте танымал кәсіпкердің отбасын қырып кеткендер ұсталмай жатыр

Шымкентте құзырлы органдар кәсіпкердің жесірі мен енесін өлтіргендерді таба алар емес. Жұма күні түнде Тассай ықшамауданында тұратын бизнесменнің отбасында бәзбіреулер қырғын жасаған еді.

Бейресми ақпаратқа сенсек, түнделетіп тұшпара цехы қожайынының үйіне кірген екеу шолақ мылтықпен алдынан шыққан 83 жастағы кейуана мен 60 жастағы әйелді басынан атып өлтірген. Үйінде тағы бір 15 жасар туыс қыз болған екен. Ол өтірік өлген болып қана аман қалған көрінеді. Көршілерінің айтуынша, кәсіпкердің өзі 5 ай бұрын ауырып қайтыс болыпты. Олар бұл отбасыны жақсы жағынан ғана білетінбіз дейді. Көшенің жолдарын жамап, жарықтандыруға да қаржыны аямайтын еді деп отыр. Ал атылған мылтықтың дауысын көршілері естімепті.

Фиат Низамидинов, көршісі:

-Генаны жақсы білетінмін. Әйелі мен енесін танымаймын. Жалпы, оларды өлтіріп кеткені туралы полицейлерден білдік. Генаның өзі жақсы болатын. Көршілердің бәрімен араласатын еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде