{metadescription}
Жанжал: «Рухани жаңғыруды» ұрлыққа ұластырғандар сотта жеңіліп қалды
Жанжал: «Рухани жаңғыруды» ұрлыққа ұластырғандар сотта жеңіліп қалды

Жанжал: «Рухани жаңғыруды» ұрлыққа ұластырғандар сотта жеңіліп қалды

Алматыда қалалық әкімдік пен Мәдениет министрлігін сотқа берген фотограф, іс соңында жеңіске жетті. Енді оның суретін рұқсатсыз пайдаланып, авторлық құқықты бұзды деген қалалық ішкі саясат басқармасы шағымданушыға 680 мың теңге өтемақы төлейтін болды. Бірақ, кейбір жайттар назардан тыс қалды деген фотограф Сәрсенбек Қызайбекұлы,  соттың шешіміне қанағаттанбайтынын айтады.

Сәрсенбек Қызайбекұлы, фотограф:

- Басында 1 миллион 500 мың теңге көлемінде талап еттік қой. Қазір 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Біз сотқа шағым түсірген, яғни 2017 жылмен есептесе, 680 мың теңгені құрайды. Енді бұл аз. Себебі, Алматы қаласы бойынша суреттер өте көп ілінді билбордтарға.

Фотограф Сәрсенбек Қызайбекұлының тағы да көңілін күпті еткен нәрсе -соттың шешімінде Мәдениет министрлігінің аты аталмапты. Сондықтан жақын күндері апелляциялық шағым түсіріп, істі соңына дейін жеткіземіз дейді. Естеріңізге салсақ, Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау барысында Мәдениет және спорт министрлігі мен қалалық әкімдік автордың туындысын еш келісімсіз қолданғаны дәлелденген болатын. Бірақ, алғашында министрлік өкілдері хабарласып, одан рұқсат сұраған екен. Ал, автор 50 мың теңге қаламақы талап еткенде, құзырлы ведомство әңгімені жылы жауып тастапты. Алайда, арада ай өткесін Алматының көшелерінде автордың туындысы басылған билбордтар бірінен соң бірі іліне бастаған. Осылайша алғашында 50 мың теңгені көпсінгендер, енді 13 есе артық өтемақы төлеуге міндеттелді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде