Ескерту: Синоптиктер тасқын жүруі мүмкін өңірлерді атады
Наурыз мейрамы күндері су тасқыны тыныштық бермейін деп тұр. Көктемгі жылымықтың әсерінен еліміздің біраз аймағында тасқын қаупі күшейеді. «Қазгидромет» осындай дабыл қағып, елді ескертіп жатыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.03.2018
Ауа райының жылуы, сонымен қатар, қар аралас жаңбырдың жиілеуіне байланысты еліміздің жазық өңірлерінде тасқын қатері күшеймек. Әсіресе, күртік қары көл боп еритін солтүстік облыстарда былтырғыдай даланы су басайын деп тұр. «Қазгидромет» аптаның аяғына дейін осындай болжам жасап отыр. Болжамға сенсек, алдағы сәуір айы да мазасыз болады. Әуелі күн жыли бастайды да айдың аяғы күрт суып, жауын-шашын молаяды. Соның әсерінен, таулы өзендер арнасынан тасуы мүмкін. Әсіресе, мұздан аршылып жатқан Сырдариядан келер қауіп көп дейді мамандар.
Дидар Жәнібекұлы, «Қазгидромет» РМК гидрология департаментінің директоры:
-Жазықтық өңірлерде, айталық, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазқақстан облыстарында далалық өзендерінде даланың қарлары еруі күтілуде. Таулы өзендерде осы аптада таңы жаңбырдың жауу болжауына байланысты, айталық, Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында таулы аймақтарда су өзендердерінің деңгейлері көтерілуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!