{metadescription}
Тікелей эфир: Диқандар биыл жанармайсыз қалуы мүмкін
Тікелей эфир: Диқандар биыл жанармайсыз қалуы мүмкін

Тікелей эфир: Диқандар биыл жанармайсыз қалуы мүмкін

Өйткені, көктемгі егінге қажетті солярканы шаруаларға жеткізуі тиіс операторлар өз міндеттерін орындамай отыр. Бүгін Ауыл шаруашылығы вице-министрі осылай деп премьер Бақытжан Сағынтаевқа шағымданды.

Сонымен, неге мұндай мәселе туындап отыр?

-Иә, қазір диқандар жанармайсыз қаламыз ба деп алаңдап отыр. Өйткені, Ауыл шаруашылығы министрлігі оларға төмендетілген бағамен дизель жеткізіп беру үшін ірі операторлармен алғашқыда келісімге келген.

Яғни, бизнесмендер Мұнай өңдеу зауыттарынан солярканы литріне 130 теңгеден алып, диқандарға 146 теңгеден жеткізіп беруі тиіс еді. Бірақ, жанармай тасымалдайтын кәсіпкерлер енді келісімді бұзып отыр екен. Әсіресе, оңтүстік өңірдің диқандарын дизельмен жабдықтауы тиіс ірі оператор ақпаннан бері жанармай    жеткізуді қойыпты.

АРМАН ЕВНИЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

-Ресурс ұстаушы «Petroprox» тарапынан Алматы облысы операторларына ақпан наурыз айлары үшін дизель жеткізу мәселен Энергетика министрлігі шешкен жоқ. Және ақпан айы үшін 1900  тонна жеткізу міндеттемесін орындамады деуге болады. Наурыз айы үшін де 1800 тонна міндеттемнің орындалмай қалу қауіпі бар.

-Ал, Энергетика министрлігі бұған не деп отыр?

Энергетика министрлігі осы мәселе туралы біледі. Айтуларынша, жауапсыздық танытқан компаниямен биыл алғаш рет келісім жасалыпты. Әрі министрлік, дауға қалған оператордың  пайданы көздеп, солярканы басқаларға 170 теңгеден сатып жібергенін де мойындап отыр. Енді олар келісімді тағы бұзса, шара қолданылмақ.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

Ауыл шаруашылығы министрлігі айтып кетті. «Petroprox»-пен түйіткіл болып жатқанын. Оны біз білеміз. Ол мәселе айдың аяғына дейін өз шешімін табады деп ойлаймыз.  Көктемгі егін жұмыстарының маңызын ескере отырып, дизелдің дер кезінде жеткізілуіне басымдық беріп отырмыз. Бұл мәселе жіті қадағалауымызда.

Ал, биылғы егінге 370 мың тонна солярка қажет екен. Науқанның өзі оңтүстік өңірлерде басталды. Егер жанармай жеткізумен тағы қиындықтар болса, диқандар зардап шегетіні анық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде