{metadescription}
Каддафидің ұлы сайлауға түспек
Каддафидің ұлы сайлауға түспек

Каддафидің ұлы сайлауға түспек

Саркозидің сол ескі достары, дәлірек айтқанда ескі досының ұлы Ливия билігіне қайта оралудан үмітті. Төңкерісшілер қолынан өлген Муаммар Каддафидің тірі қалған жалғыз ұлы президент сайлауына қатыспақ. Сайф әл-Ислам тіпті өзінің сайлауалды бағдарламасын дайындап және оны жұртшылық назарына ұсынуды жоспарлап отырған көрінеді.

Сайф әл Ислам 2011 жылы әкесі Муаммар Каддафи өлтірілгеннен кейін, 6 жыл бойы тұтқында болған. Ол көтерілісті күшпен басу, мемлекет мүлкін тала-таражға салды деп айыпталған болатын. Рақымшылықпен бостандыққа шыққан кіші-Каддафи енді осы жылдың ортасында өтетін президент сайлауында бағын сынап көрмек. Естеріңізге салсақ, 42 жыл бойы ел басқарған Каддафи тақтан тайған соң Ливиядан да берекет кетті. Қазір мемлекет әртүрлі топтар басқаратын аумақтарға бөлініп кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.