Апатқа кінəлі ізін суытқан
Алматыда Порше Панамера көлігімен жанармай бекетіне соғылған жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер тайлы-тұяғымен қымбат көліктің иесін іздеуге көшкенімен, әзірге еш нəтиже берер емес.
Автор: Мақсат Мәлік
20.03.2018
Мына бейне жазбада Порше панамера мен БМВ көлігі қатты жылдамдықпен көшеде жарысқаны байқалады. Оқиға Төле би және Сайын көшесінің қиылысында болған. Алайда, ақ түсті шетелдік көлік іле-шала көшенің оң жағындағы жанармай бекетіне соғылады. Абырой болғанда, жаяу жүргіншілер жан-жаққа қашып үлгерген. Ал, полицейлер көліктің қанша жылдамдықпен келгенін сараптама барысында анықтаймыз дейді. Қазір сау тамтығы қалмаған қымбат көлік айып тұрағына жеткізілген.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:
-Қазіргі таңда оның аты-жөні белгілі. Міндетті түрде ұсталатын болады. Жергілікті полиция қызметіне қарасты іздестіру бөлімінің мамандары жұмылдырылды. Шапа шеккендер жоқ. Сондықтан әкімшілік кодекс аясында қаралатын іс. Жанармай бекетінің өкілдері қандай бір шығын өндіріп алғысы келсе, оны азаматтық-құқықтық тұрғыда сот арқылы шешеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!