Ақтауда құжат көрсетпей қашқан жүргізуші полицейлердің көлігін соғып бір-ақ тоқтады
Голливудтың атыс-шабысқа толы киносынан асып түспесе, кем түспейтін көрініс бұзақыны ұстай алмай көк тер болған тәртіп сақшыларының бейнетіркеуішіне түсіп қалған.
Автор: Аруна Ортай
20.03.2018
Пикап мінген жүргізуші тәртіп сақшыларынан айласын асырамын деп ойласа керек. Онысы бастапқыда іске асты да. Түн жамылып үйлердің арасымен құстай ұшқан қашқынды төрт бірдей патруль жабылып жүріп ұстай алмады. Қуғыншылардың ашуланғаны сонша, жүргізушіге боқауыз сөздер жаудырған. Ақыры көліктердің бірі тентекті алдынан шығып тосып алды. Бірақ, артынша оңбай апатқа ұшырады. Бұйрыққа бағынбаған бұзақы оны бүйірінен соғып, көліктің талқанын шығарған. Абырой болғанда, қашқынды тоқтатқан сақшы да, қашқынның өзі де дін аман. Енді Голливудтағыдай қашып құтылмақ болған жүргізуші миллион теңге айыппұл төлеп, полицияға келтірген шығынды да өтемек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!