{metadescription}
7 жасар бала зорланды деп елді шулатқан Абай ауылында жаппай психологтар жұмыс істеп жатыр
7 жасар бала зорланды деп елді шулатқан Абай ауылында жаппай психологтар жұмыс істеп жатыр

7 жасар бала зорланды деп елді шулатқан Абай ауылында жаппай психологтар жұмыс істеп жатыр

Оңтүстік Қазақстандағы Сарыағаш ауданында бір жұма бұрын шыққан жанжалдан кейін, мұндағы оқушылар, ұстаздар мен тіпті ата-аналарға да психологиялық көмек керек болыпты.

Соңғы жағдайлар бойынша, 7 жасар оқушы анасында қалып, әжесі мен апасы Абай ауылына қайтуы керек еді. Бірақ бүгін оларды ешкім көрмепті. Көршілері болса жанжал шыққан үйге жолағысы да келмейді екен. Бізді көре сала ауладағы әйелдер бытырай қашты. Сөйлеуден именбеген жалғыз қоңсысы ғана зорлады деген балаларды ақтап әлекке түсті.

Роза Әлімбаева, Абай ауылының тұрғыны:

-Көршімнің  баласы ондайға бармайды. Мен  100 процент гарантия бере аламын. Ондай нәрсеге бармайды бұл балалар.

Зорлады деген ұлдардың ата-аналарымен сөйлескіміз келген. Бірақ, оларды полицейлер балаларымен бірге тексеруге әкетіпті. Ал, «зорлықшыл» дегендер оқитын мектепте журналистерді халық жауынан бетер көретін сияқты. Ондағылар Наурызды атап өтіп жатыр екен.

Оқушылардың мерекесін аман-есен өткізейік. Тыныш тарқатайық. Бізге сондай көңіл-күй керек. Қазір, сондай баспасөзге басқаға қосымша ақпарат бере алмаймыз.  Мектеп тарапынан ешқандай сұхбат берілмейді.

Ал, 7 жасар бала оқитын мектепте психологтар қарқынды жұмыс істеп жатыр екен. Директордың орнына келген уақытша басшы балаға жасалған тесттерден кейін оған және әжесіне зорлау туралы әңгімені бәзбіреулер құлағына құйған дейді.

Райхан Табылдиева, Өзбекәлі Жәнібеков мектебі директорының міндетін атқарушы:   

-Баланың бойында ешқандай өзгеріс байқалмаған. Қорқыныш болмаған. Және де ол балада тек қана апасына деген алаңдаушылық болған.

Жалпы, бір апта бұрынғы бала мен әжесінің мәлімдемесінен кейін бүкіл елде бұл мәселе жаппай дүрбелең тудырған еді. Осыдан кейін Абай ауылындағы жұрт жаппай күйзеліске ұшырапты. Енді аудандық білім бөлімін уақытша басқарып отырған Нұрман Үсіпбеков ауылдағы мыңдаған жұртқа психологиялық көмек беруден қолы тимей жатқанын айтады.

Нұрман Үсіпбеков, Сарыағаш ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Жәнібеков және Баласағұн мектептерінде оқушылармен, ата-аналармен, ұстаздармен жеке-жеке психологтар тренингтер өткізді. Психологтар облыстан келді. Біздің ауданда да осы бағытта істейтін 2 мобильдік топ құрылған.

-Бірінші сыныпта оқитын ұлдың мектебіне бармағанына да бір айдан асты. Ол қазір анасымен Алматыда жүр. Енді қоғам белсенділерінің бастамасымен тәуелсіз сараптама да жүргізіле бастады. Жалпы, әлеуметтік желіде бұл іске қатысты зорлықшыл делінген балалар оқитын мектептің директоры, ішкі істер департаментіндегі полковник, аудандық мәслихат депутаты және дәрігер бар, осы Селтановтар әулеті аталып жатқаны мәлім. Бірақ олар бізбен тілдесуден бас тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.