{metadescription}
Паралимпиада чемпионын астаналықтар лимузинмен  күтіп алды
Паралимпиада чемпионын астаналықтар лимузинмен  күтіп алды

Паралимпиада чемпионын астаналықтар лимузинмен күтіп алды

Оңтүстік Кореядағы қысқы паралимпиадада  топ жарған  Александр Колядин елге оралды. Қостанай облысының тумасы Қазақстанға паралимпиаданың алтын жүлдесін сыйлаған жалғыз  аңыз адам. Денсаулығындағы кінәратына қарамастан  үлкен додада сенсация жасаған   сайыпқыранды  спорттағы серіктері мен жанкүйерлері Астана әуежайын басына көтеріп қарсы алды. Тіпті басына тақия киген дүлдүлдің аяғын жерге тигізбей қымбат лимузинге мінгізіп,елорда көшелерімен жүріп өтті.   

Құшақ-құшақ гүлдер мен Александр есімі жазылған плакаттар ұстаған жанкүйерлер қауымы сүйікті спортшысын көруге асық. Ағайын-туыс, дос-жаран спортшыны лайықты қошеметпен күтіп алуға барын салыпты.

-Қазақстан, Қазақстан...

Басына  тақия киіп, жеңісін әз-Наурызға арнаған чемпион болса, алтынның оңай келмегенін айтады. 40 жастағы Колядин осыдан 20 жыл бұрын жол апатына түсіп, оң аяғынан айрылған. Бірақ, жігері жасымаған ол спорттан қол үзбепті. Бұл оның спорттағы 7-і жылда жеткен биігі екен. Бір жарым шақырымдық қашықтықта шаңғымен классикалық стильде жүріп өткен ол бірінші боп келді.

Александр Колядин, ХІІ Паралимпиада ойындарының чемпионы: ауд.

-Сырғанақ жолы маған өте қолайлы болды. Бұрылыстардың бәрі оңға қарай екен, ал мен сол аяғыммен жұмыс істеймін. Менің жеңіске жетуіме көп жағдай жасалды. Оқу-жаттығу жиыны үшін қыруар қаржы бөлінді. Елде де, шетелде де медициналық тексеруден өттік, керек-жарағымыз түгел, жаңа протез алдық. Мен тек бүкіл команданың дайындағанын орындап шықтым.

Жалпы, біздің елден Пхенчхонға небәрі 6 спортшы барса, солардың бірі Александр Герлиц 20 шақырым жолды еркін стильде жүгіріп, төртінші орынды місе тұтқан.  Сөйтіп, Колядиннің жалғыз алтынымен Қазақстан 49 елдің ішінде 20-орынды Қытаймен бөлісті. Ал  чемпионды алғаш боп Елбасы телеграмма жолдап құттықтаса, туған жері Қостанай облысында оған облыс орталығынан пәтер берілетін болды. Ал өзі мемлекет бюджетінен 250 мың доллар, яғни, 80 миллион 400 мың теңге алады. Дәл сондай ақшаны бапкерлері де бөліседі.

Анатолий Писковой, А. Колядиннің жеке бапкері:  

-Александр соңғы екі жылда, әсіресе осы Паралимпиада алдындағы соңғы маусымда ұлттық құрамаға кірді. Әлем чемпионатының Германия мен Финляндиядағы соңғы кезеңдері Александр үшін жақсы жаттығу болды. Негізгі қарсыластарымыз, Франция, Канада мен Жапония спортшылары түгел болды. Бірақ, Александр қарымды еңбегінің арқасында жеңіп шықты.

Ал қошеметпен қарсы алушылар барша команданы әуежайдың алдынан сүліктей әппақ   темір тұлпарға мінгізді. Салтанаты келіскен қымбат лимузиннің айналасында чемпионмен суретке түсіп жатқандар көп. Өйткені, ол тарихымыздағы паралимпиаданың тұңғыш чемпионы болып қала бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.