{metadescription}
Наурыз көжеге қосылатын қоспалар қымбаттап кетті
Наурыз көжеге қосылатын қоспалар қымбаттап кетті

Наурыз көжеге қосылатын қоспалар қымбаттап кетті

Наурыз көже биыл былтырғыдан қымбатқа түсетін түрі бар. Себебі мейрамның басты асына пайдаланатын негізгі 7 қоспаның бәрінің бағасы өскен. Мейрам қарсаңында дәнді-дақылдар, ет пен айранның саудасына сараптама жасаған мамандар осылай деп отыр.

Мысалы, тұз республика бойынша орташа есеппен 51 теңгеден сатылып  жатыр. Бір жыл бұрынғы бағамен салыстырсақ 7 жарым пайызға өскен.

Ұнның келісі 150 теңге. 0,4 пайызға қымбат. Наурыз көженің негізгі дәмдерінің бірі -тары да 1,3 пайызға шарықтап, 209 теңгеге жеткен. Сүт өнімдері де қымбат. Айранның литрі 273 болса, сары майдың келісі 2 мың теңгеге жуықтапты. Еттің де бағасы ұшып тұр. Мысалы жылқы еті 7,6 пайызға, сиыр мен қойдыкі 10 пайызға дейін қымбаттаған. Бұл аздай мейрам күндері саудагерлер бағаны одан сайын көтеріп жіберетіні тағы бар.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.